Білім беру мобильділігі Қазақстан Республикасындағы ішкі көші-қонды экономикалық реттеу құралы ретінде

Авторлар

  • Б.Н. Боқаев Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығының ғылыми жобалар жетекшісі, Астана қ., Қазақстан, Сиракуз университеті, Сиракуз қ., АҚШ https://orcid.org/0000-0002-1037-7085
  • Г.Б. Ахметова Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы https://orcid.org/0009-0009-5308-968X

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2024-149-i3-013
        42 22

Аннотация

Бұл мақалада білім беру мобильділігінің Қазақстанның ішкі көші-қонын реттеуге қатысты рөлі қарастырылады. Маңызды әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жағдайында білім беру мен көші-қонның арасындағы байланысты түсіну тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін өзекті болып табылады. Мақалада теңгерімді өңірлік дамуға ықпал ету арқылы көші-қон ағынын реттеу механизмдерінің қызметін атқара алатын білім беру саласындағы бастамалар мен мемлекеттік бағдарламалар талданады.

Білім беру саласындағы стратегия мен саясатты талдауға, сондай-ақ академиялық мобильділік бойынша статистикалық деректерге сүйене отырып, білім беру мобильділігі елдегі көші-қон үдерістеріне айтарлықтай әсер ететінін зерттеу барысында анықталды. Бұл жайт білім беру халықты басқа өңірлерге көшуге ынталандыратын экономикалық құрал болып табылатынын көрсетті. Осыған байланысты зерттеу қорытындылары мақсатты білім беру саясатының маңыздылығын айқындайды, себебі ол ірі қалаларға шамадан тыс көші-қонды қысқартуға және шағын қалалар мен ауылдарда тұратын халық санын тұрақтандыруға ықпал ете алады.

Әртүрлі өңірлерде тең мүмкіндіктерді білім беру мобильділігінің әлеуеті жоғары екендігі зерттеу барысында айқындалды. Мақалада негізгі мәселелер мен сапалы білімнің қолжетімдігіне қатысты тосқауылдар, әсіресе ауылдық аймақтардағы сапалы білімге қатысты қиындықтар анықталды, сондай-ақ осындай мәселелер ішкі көші-қон мәселелерін қалай қиындататыны талқыланды. Қорытындылай келе, мақсатты білім беру саясаты жекелеген тұлғалардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, қалалық орталықтарға шамадан тыс көші-қонды қысқарту арқылы қауымдарды тұрақтандыра алады деп айтуға болады.

Осы ғылыми мақаланың мақсаты Қазақстан өңірлерінің экономикалық даму құралы ретінде ішкі білім беру ұтқырлығын қарастыру болып табылады.

Осы зерттеу шеңберінде мынадай міндеттер қойылады: 1) ішкі көші-қон процестерін талдау және өңірлердегі демографиялық ахуалдың өзгеру болжамдарын қарау; 2) өңірге жастардың ағыны мен оның әлеуметтік-экономикалық дамуы арасындағы байланысты табу; 3) білім беру арқылы көші-қон процестерін реттеуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың, атап айтқанда «Серпін-2050» бағдарламасының тиімділігін бағалау; 4) көші-қон процестерін мемлекеттік реттеу бойынша ұсыныстарды ұсыну.

Білім беру мобильділігін экономикалық құрал ретінде қарастыра отырып, бұл мақала Қазақстанда көші-қонды және оңтайлы даму стартегияларын басқару бойынша анағұрлым кең дискурсқа өз үлесін енгізеді. Осы зерттеудің соңында шығарылған қорытындыларда білім беруді елдегі ішкі көші-қонды тиімді реттеу құралы ретінде пайдалануға ұмтылатын саясаткерлерге тәжірибелік ұсынымдар келтірілді.

Түйін сөздер: білім беру ұтқырлығы, ішкі көші-қон, білім беру саясаты, көші-қон саясаты, қолдау шаралары.

Авторлардың биографисы

Б.Н. Боқаев, Зерттеулер, талдау және тиімділікті бағалау орталығының ғылыми жобалар жетекшісі, Астана қ., Қазақстан, Сиракуз университеті, Сиракуз қ., АҚШ

PhD, Қазақстан Республикасы Жоғарғы аудиторлық палатасының Ғылыми-зерттеу, талдау және тиімділігін бағалау орталығының ғылыми жобалар жетекшісі (г.Астана, Қазақстан: e-mail: bbokayev@syr.edu)

Г.Б. Ахметова, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы

(корреспонденттік автор) – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының докторанты (Астана қ., Казақстан: gulnaz.akhmetova@apa.kz).

Жүктелулер

Как цитировать

Боқаев, Б. ., & Ахметова, Г. . (2024). Білім беру мобильділігі Қазақстан Республикасындағы ішкі көші-қонды экономикалық реттеу құралы ретінде. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 149(3), 174–188. https://doi.org/10.26577/be.2024-149-i3-013