Қазақстандағы экологиялық салық салу механизмі: теориялық аспектілері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2024-149-i3-06
        42 27

Аннотация

Қазіргі уақытта әлемдік экономиканың технологиялық және экономикалық даму ағынының жылдам өзгерістеріне байланысты қоршаған ортаға үлкен қауіп төніп тұр. Дамыған және дамушы елдердегі қоршаған орта атмосфераға улы заттардың шығарылуы мен тұрмыстық қалдықтар үйінділерінің пайда болуынан үлкен зардап шегуде. Мақалада осы аталған мәселелердің алдын-алу мақсатында Қазақстан өзінің даму бағыты ретінде төмен көміртекті дамуға көшуді анықтай отырып, экологиялық саясатын жүзеге асыру үшін салық жүйесін пайдалану мүмкіндіктері қарастырылған. Зерттеудің мақсаты - экологиялық салықтың мәнін ашу, сонымен қатар Қазақстандағы қолданыстағы экологиялық салықтарды, түрлі елдердегі СО2 шығарындыларының динамикасын талдау арқылы қоршаған ортаға  парниктік газдар шығарындыларын азайту жолдарын қарастыру болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін зерттеуде пайдаланылған газдар шығарындыларының негізгі көздерінің бірі ретінде Қазақстандағы көлік құралдарына салық салу саясатына әдебиеттерге шолу мен статистикалық, салыстырмалы талдауды қамтитын аралас тәсіл қолданылды. Жұмыстың маңыздылығы Қазақстан климаттың өзгеруімен күресу және парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі жаһандық үдеріске белсенді қатысушы болып отырғанына қарамастан Орталық Азиядағы парниктік газдардың ең көп эмитенті болып отыр. Дамыған елдердің тәжірибесіне сәйкес қоршаған ортаны қорғау мәселелерін бірінші кезекте нарықтық тетіктер арқылы реттеуді жөн көреді, сондықтанда елімізде экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және өндірілетін өнімдердің көміртегі ізін азайтуға өз қызметі мен өндірісін бағыттауда салық құралдарын пайдалана отырып ынталандыру тетіктерін қарастыру қажет. Зерттеуде сaлыстыру, талдау, синтездеу, ғылыми зерттеулер нәтижелерін жaлпылaу, сараптамалық бағалау әдістері қолдaнылды. Зерттеудің негізгі нәтижесі ретінде көлік салығын еліміздегі экологиялық саясаттың құралы ретінде пайдалана отырып, оны экологиялық салықтар санатына қосу және оған салынатын салық сомасын көліктің классы мен шығарылған жылын ескере отырып есептеу механизмін жетілдіру ұсынылады. Жұмыстың практикалық маңыздылығы экологиялық салықтарды салық төлемдерінің жалпы жиынтығынан оқшаулау және Қазақстанның салық жүйесін одан әрі реформалау бағыттарын нақты белгілеу қажеттілігінде. Сондай-ақ, қандай салықтардың экологиялық санатына жатқызылу қажеттілігін анықтап, оларды пайдалану жолдарын әзірлеу қажет. Экологиялық салық түсімдерін дұрыс пайдалануды және халықаралық деңгейде салыстырулардың дұрыстығын қамтамасыз ету де елдің тұрақты дамуы үшін маңызды.

Түйін сөздер: қоршаған ортаның ластануы, экологиялық салық, Пигу салығы, «ластаушы төлейді» принципі, көлік салығы.

Авторлардың биографисы

Г. Исаева, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан

экономика ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті қаржы кафедрасының профессоры (Шымкент қ., Қазақстан, эл.пошта: gulmira_issaeva@mail.ru)

Ю. Ихнатов, Александру Иоан Куза университеті, Яссы қ., Румыния

PhD, Александру Иоан Куза университеті Экономика және бизнесті басқару факультетінің қауымдастырылған профессоры (Яссы қ., Румыния, эл.пошта: iulian.ihnatov@uaic.ro)

E. Жусипова, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан

(корреспонденттік автор) – PhD, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті қаржы кафедрасының аға оқытушысы (Шымкент қ., Қазақстан, эл.пошта: elmira_zhusipova@mail.ru)

Г. Пазилов, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, Шымкент қ., Қазақстан

PhD, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті қаржы кафедрасының аға оқытушысы (Шымкент қ., Қазақстан, эл.пошта: pgalimjan@mail.ru).

Жүктелулер

Как цитировать

Исаева G. ., Ихнатов I. ., Жусипова E. ., & Пазилов G. . (2024). Қазақстандағы экологиялық салық салу механизмі: теориялық аспектілері. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 149(3), 73–86. https://doi.org/10.26577/be.2024-149-i3-06