Электр орталықтандырудың технологиясын енгізудің экономикалық перспективаларын бағалау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2022.v142.i4.02
        126 194

Аннотация

Әр теміржол станциясын заманауи автоматты және телемеханикалық құрылғылармен жабдықтаудың рөлі өте маңызды. Дегенмен, станцияны электр орталықтандырумен жабдықтау үлкен инвестицияларды қажет етеді және өтелу мерзімі ондаған жыл деп саналады. Зерттеу барысында станцияда электр орталықтандыруды енгізудің ұзақ мерзімді өтелу себептері анықталды. Электр орталықтандырудың жаңа технологиясын енгізудің экономикалық перспективаларын бағалаудың қолданыстағы әдістемесі бойынша станцияда технологиялық операцияларды орындау ұзақтығын жеделдету есебінен үнемделген маневрлік локомотивтердің саны ескерілмейтіні анықталды. Бұл мақалада «Z» станциясының инфрақұрылымын дамыту мысалында электр орталықтандыру жүйесін енгізудің экономикалық тиімділігін бағалаудың жаңа әдістемесі қарастырылған. Зерттеу нысаны магистральдық және өнеркәсіптік теміржол станциялары, сондай-ақ олардың кірме жолдары болып табылады.

Зерттеу пәні электрлік орталықтандырылған басқару жүйесінің экономикалық тиімділігі болып табылады.

Бұл зерттеудің мақсаты маневрлік жұмыстардың Локомотив-сағаттарын ескере отырып, электрлік орталықтандыру технологиясын енгізудің экономикалық перспективаларын бағалау болып табылады.

Станция инфрақұрылымын дамытуға және оны электр орталықтандыру жүйесімен жабдықтауға бастапқы күрделі салымдарды айқындау тәртібі ұсынылған. Енгізілген электр орталықтандыру жүйесі шеңберінде жұмсалатын шығындардың қайтарылу мерзімі, кірістілік нормасы және жыл сайынғы үнемделуі көрсетілген.

Түйін сөздер: темір жол инфрақұрылымы, электр орталықтандыру, отын, экономикалық тиімділік, таза келтірілген құн, кіріс нормасы, күрделі салым.

Жүктелулер

Как цитировать

Suyunbayev, S. M. (2022). Электр орталықтандырудың технологиясын енгізудің экономикалық перспективаларын бағалау. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 142(4), 16–28. https://doi.org/10.26577/be.2022.v142.i4.02