Резиденттер тұрғысынан туристік дестинацияның активтерін анықтау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2022.v142.i4.011
        52 57

Аннотация

Өз өміршеңдігі кезеңінде брендті қалыптастыру процесі тауарлар мен қызметтерден басталып, мемлекеттердің маркетингінде жалғасты. Мемлекеттердің ұлттық брендті қалыптастыруы салалық сипатқа ие болды. Туристік бренд құру, туризмнің жедел қарқынмен дамуына байланысты, елдегі туризмнің дамуының алғышарты екені сөзсіз. Ал елдегі туризм дамуы өз кезегінде, тұрақты экономикалық дамудың көрінісі болып табылады. Осы ретте мемлекеттердің территориясының ауқымдылығы мен табиғи ресустарының сантүрлілігіне байланысты дестинациялық брендингті аймақ дамуының маңызды құраушысы ретінде ұсынамыз. Келтірілген негіздемелерді ескере отырып, зерттеу мақсаты ретінде, дестинация брендін қалыптастырудың алғышарты ретіндегі туристік дестинация активтерін анықтауды алға қоямыз. Нақтылай келе, зерттеу оъектісі ретіндегі Алматы облысы туристік дестинациясындағы тартымды деп танылған демалыс бағыттары мен қосымша қызмет түрлерін анықтауды  міндет етеміз. Зерттеу мақсатына жету үшін, «Туристік дестинация ретіндегі Алматы облысы брендінің сипаты» атты сауалнама жүргізілді. Дестинация активтерін анықтау тұрғындардың амбассадорлық қызметін қолдану тұрғысынан жүргізілді. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, дестинацияның мүдделі тараптарына бағытталған тартымды демалыс бағыттары мен қосымша қызметтердің түрлері ұсынылды. Зерттеу нәтижелері зерттеу объектісі ретіндегі Алматы облысы туристік дестинациясы туралы практикалық көріністі тудыртады. Атап айтқанда, белсенді демалыс түрлері тұрғындар тарапынан неғұрлым тартымды демалыс бағыттары деп танылса, қауіпсіздік шараларының сақталуы міндетті қосымша қызметтер ретінде белгіленді.

Кілт сөздер: дестинация, брендинг, қосымша қызметтер, тұрғындар, дестинация активтері, табиғи ресурстар.

Жүктелулер

Жарияланды

2022-12-26