Қазақстан Республикасы тұрғын үй нарығының пандемиядан кейінгі даму жағдайы
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2022.v139.i1.08Аннотация
2020 жылы Қазақстан Республикасының тұрғын үй нарығының дамуы COVID-19
инфекциясынан туындаған қолайсыз экономикалық жағдай мен осы вирустың таралу
факторлары арқылы айқындалды. Осы мақаланың негізгі мақсаты COVID-19 жағдайында
Қазақстан Республикасының тұрғын үй нарығының динамикалық дамуын 2014 жылғы
дағдарыспен салыстыра отырып бағалау және мүмкін болатын салдарын талдау болып табылады.
Статистикалық деректерді жинау мен талдау және тұрғын үй нарығына үздіксіз мониторинг
жүргізудің арқасында нарықтық бағыттардағы да, мемлекеттік тұрғын үй саясатындағы да
жүйелі өзгерістер туралы қорытындылар жасалды. Мақалада салыстырмалы талдау әдістерін
пайдалана отырып, тұрғын үй нарығының даму тенденциялары анықталды, жылжымайтын
мүлік бағасының жылдық динамикасына әсер ететін негізгі факторлар анықталды; олардың
арасындағы байланысты анықтау үшін корреляциялық талдау және осы факторлардың тұрғын
үйдің орташа бағасына әсерін бағалайтын эконометрикалық модельдер бағаланды және
пандемияға байланысты енгізілген шектеулер мен шаралардың мүмкін болатын салдарлары
анықталды. Барлық нарық субъектілерінің дамуын және қамтуын ынталандыратын Қазақстан
Республикасының тұрғын үй нарығын қолдау бойынша ұсыныстар жасалынды. Алынған
нәтижелер зерттеушілерге, инвестициялық жобаларды ұйымдастырушыларға және мемлекеттік
органдардың өкілдеріне пайдасы бар.
Түйін сөздер: тұрғын үй нарығы, COVID-19, тұрғын үй бағасы, мемлекеттік реттеу, ипотека.