Пандемия жағдайында әлеуметтік-экономикалық дамуды мемлекеттік реттеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2021.v138.i4.01
        96 19

Аннотация

Коронавирустық пандемиядан (COVID-19) туындаған экономикалық дағдарыс кезеңінде ел
үкіметтері ішкі саясаттың әртүрлі бағыттары – қаржы, ақша-несие және әлеуметтік шараларды
жүзеге асырды. Шаралар төтенше сипатта болды, олар бизнесті сақтау және жұмыспен қамтуды
қолдау, әлеуметтік қорғау және халықтың денсаулығын сақтау сияқты міндеттерді кешенді
шешуді қарастырды. Белгілі себептерге байланысты әлемнің көптеген елдерінде пандемиямен
күресуге барлық қаражат жұмсалды. Бюджет саласында адамдардың өмірін сақтап қалуға, халық
пен кәсіпорындарға қолдау көрсетуге және экономиканы қалпына келтіруге жағдай жасауға
бағытталған салықтар мен шығындарға қатысты төтенше және ауқымды шаралар қабылданды.
Мақалада әдеби шолу негізінде COVID-19 пандемиясының қазіргі экономикалық
және әлеуметтік салдары ашылған, сонымен қатар пандемия аяқталғаннан кейін цифрлық
технологиялар саласындағы проблемаларды шешу үшін мемлекеттік реттеудің стратегиялық
әрекеттері ретінде Интернетке қол жетімділікті арттыру, әлеуметтік төлемдер жүйесін қайта
қарау анықталған. Прогрессивті салық жүйесін енгізу қажеттілігі дәлелденді. Еңбек нарығындағы
пандемияның және қазіргі тенденциялардың салдарын және жұмыспен қамту орталықтарының
функцияларын, сондай-ақ өмір дағдыларына сәйкес оқытудың маңыздылығын және өзгеріске
бейімделуді ескере отырып, халықты кәсіби бағдарлауға ерекше назар аударылады.
Зерттеу объектісі – пандемия кезіндегі Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-экономикалық
процестер. Елде 2020-2021 жылдары бұрын-соңды болмаған жағдай қалыптасты, оған
үкімет те, халық та дайын болмады. Күн өткен сайын өліммен аяқталатын жағдайлардың саны
артып келеді, вирустың жаңа штаммы пайда болды, вакцинация күтілген нәтиже бермейді. Ел
үкіметі қатаң әрі тиімді шаралар қабылдауы қажет. Мұның бәрі таңдалған зерттеу тақырыбының
өзектілігін дәлелдеді.
Түйін сөздер: әлеуметтік жобалар, COVID-19, макроэкономика, еңбек нарығы, мемлекеттік
реттеу, білім беру, кәсіптік бағдар.

Жүктелулер

Как цитировать

Ashirbekova, L., Sansyzbayeva, G., & Meirkhanova, Y. (2021). Пандемия жағдайында әлеуметтік-экономикалық дамуды мемлекеттік реттеу. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 138(4), 3–12. https://doi.org/10.26577/be.2021.v138.i4.01