Ашық үкімет мемлекеттік органның азаматтармен өзара іс-қимылының тиімділігін бағалаудың негізгі бағыты
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2021.v136.i2.10Аннотация
Мақалада орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік
органның азаматтармен өзара іс-қимылының тиімділігін бағалаудың «Ашық Үкімет» бағыты
бойынша қызметіне талдау берілген. Зерттеу мазмұнды талдау әдісін, социологиялық сауалнаманы
және «Ағаш мәселесін» құру әдісін қолданды. Зерттеудің теориялық-әдіснамалық және ақпараттық
базасы ғалымдардың еңбектері, Қазақстан Республикасы есеп комитетінің, «Қайырымдылық Қор
«ЗОР РУХ» жеке қорының және «Талап қолданбалы зерттеулер орталығы» қоғамдық қорының
есептері болып табылды. Зерттеу нәтижелері бойынша біз мемлекеттік органдардың ашықтығы
мен есептілігі жөнінде ұсынымдар әзірледік. Осы тәсілге сәйкес азаматтық қоғамды кеңінен тарта
отырып, «Ашық үкімет» тұжырымдамасын әзірлеу ұсынылады. Стейкхолдерлер үшін мемлекеттік
ақпаратқа үздіксіз және еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында қазіргі заманғы
коммуникация арналарын қолдана отырып, «Ашық үкімет» порталының жұмысын жақсарту.
Екіншіден, мемлекеттік органның ашықтық дәрежесін бағалауды жақсарту бойынша ұсыныстар
берілді. Осыған байланысты мемлекеттік органның азаматтармен өзара іс-қимылының тиімділігін
бағалау әдістемесіне мынадай өзгерістер енгізу ұсынылады: «Ашық деректер» критерийі бойынша
жарияланған деректердің сенімділігі мен дұрыстығын қамтамасыз ететін сапалы индикатор
енгізу; «Ашық нормативтік құқықтық актілер» критерийі бойынша – жобаларды талқылауға
қатысқан азаматтардың санын, олардан қабылданған ұсыныстардың үлесін бағалайтын көрсеткіш;
Ашық отырыстардың интернет-конференцияларын және онлайн трансляциясын өткізу кезінде
формализмді болдырмау мақсатында «Ашық диалог» өлшемшарттарын қатысушылардың саны,
қараулар мен түсініктемелер бойынша бағалау ұсынылады.
Түйін сөздер: ашық үкімет, ашық диалог, ашық бюджет, ашық деректер, ашық нормативтік-
құқықтық актілер, мемлекеттік органның тиімділігін бағалау.