Өңірдің экспорттық әлеуетін қалыптастыру және дамыту

Авторлар

  • Zh. Abylkasimova Шәкәрім атындағы университеті, Қазақстан, Семей қ.
  • A. Kalinkin Шәкәрім атындағы университеті, Қазақстан, Семей қ.
  • D. Akisheva Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университеті, Қазақстан, Семей қ.
  • G. Orynbekova С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Қазақстан, Нұр-Сұлтан қ.
  • M. Alibayeva Шәкәрім атындағы университеті, Қазақстан, Семей қ.

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2021.v138.i4.11
        82 22

Аннотация

Қазіргі жағдайда ұлттық экономикада сыртқы экономикалық қызметке, атап айтқанда
экспортқа ерекше көңіл бөлінеді. Бұл сыртқы нарықтарға қол жеткізу жөніндегі кедергілерді
еңсеру мақсатында экспорт саласында мемлекет тарапынан жүйелі және ауқымды қолдаудан
көрінеді. Қазақстанда экспортты мемлекеттік қолдау сыртқы экономикалық саясаттың маңызды
құрамдас бөлігі болып табылады. Экспорттық өнімді ілгерілету және экспорт көлемін ұлғайту
үшін қазіргі заманғы жағдайларда елде экспорттаушылар үшін қолайлы ахуал жасаудан бастап
жоғары технологиялық экспорттық өндірісті дамыту үшін ынталандыру шараларына дейінгі
бірқатар шаралар мен құралдар пайдаланылады. Экспорттық әлеуетті дамытудың арқасында
мемлекет қаржы ағындарын ұлғайтуда және осылайша ел экономикасының тұрақты дамуын
сақтауға тырысуда. Сонымен қатар, мемлекет тарапынан қолдауға қарамастан, қазақстандық
экспорт құрылымында шикізат тауарларының үлесі өңделген тауарлардың үлесінен асып түседі.
Төмендеу үрдісі экспортта да, импортта да байқалады. Қолайсыз динамиканы шикізат бағасының
төмендеуі, пандемия салдары, сондай-ақ негізгі валюталар бағамының құбылмалылығы сияқты
факторлар тудырады. Мақалада авторлар экспортты мемлекеттік қолдаудың отандық және
шетелдік тәжірибесіне талдау жасады. Мақалада өңірдің экспорттық өнімдерінің маркетингін
ұйымдастыру мәселелері проблемалардың бірі болып табылатыны атап өтілді. Саудада
маркетинг маңызды рөл атқарады. Отандық өндірушілер ең тартымды маркетингтік шешімдердің
нұсқаларын іздеп, сатып алу мәдениетінің ерекшеліктерін ескеруі керек. ҚР субъектілерінің
экспорттық өнім маркетингін жетілдіру бағыттары ұсынылды.
Түйін сөздер: экспорт, сыртқы экономикалық қызмет, экспорттық әлеует, стратегия,
экспортты мемлекеттік қолдау, экспорттық өнімнің маркетингі.

Жүктелулер

Как цитировать

Abylkasimova, Z., Kalinkin, A., Akisheva, D., Orynbekova, G., & Alibayeva, M. (2021). Өңірдің экспорттық әлеуетін қалыптастыру және дамыту. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 138(4), 113–129. https://doi.org/10.26577/be.2021.v138.i4.11