Онлайн білім берудегі нейромаркетинг

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2021.v138.i4.03
        133 32

Аннотация

Мақалада ХХІ ғасырдағы жаңа жоғары технологиялы желілік педагогика жүйесіндегі
нейромаркетингтің
әлеуеті қарастырылған. Автор нейромаркетингтің ғылыми-теориялық және
әдіснамалық негіздеріне талдау жасады; онлайн білім беру жүйесіндегі нейромаркетингті
қолданудың проблемалары мен даму болашағын анықтады. Зерттеу әдістемесіне жүйелік
пен пәнаралық тәсілдер, ғылыми және оқу-әдістемелік әдебиеттерді талдау, оның ішінде
нейрофизиологиялық, нейромаркетингтік және психологиялық-педагогикалық зерттеулер,
сонымен қатар нейромаркетинг технологияларын қолданудың педагогикалық тәжірибесін бақылау,
зерттеу және жалпылау әдістері кіреді. Онлайн білім беру жүйесіндегі нейромаркетингті зерттеу
барысында келесі нәтижелерге қол жеткізілді: ғылыми басылымдардағы жарияланымдарды
талдау негізінде пәнаралық сипаты мен эксперименттік зерттеу мазмұнын растайтын жаңа
ғылыми пәннің тұжырымдамалық және терминологиялық аппараты нақтыланды, нейромаркетинг
тұжырымдамасы нейроэкономиканың бөлігі ретінде тұжырымдалды; «классикалық» маркетингтік
зерттеу мен нейромаркетингтік зерттеу әдістерін біріктіру ерекшеліктері мен мүмкіндіктері
көрсетілді; нейробілімге анықтама берілді; онлайн білім беру жүйесіндегі нейромаркетингтің
проблемалары мен даму болашағы анықталды. Автордың негізгі тұжырымы зерттеудің бастапқы
гипотезасын дәлелдеді, яғни нейромаркетинг онлайн білім беру жүйесінде кеңінен қолданыла
алатын барынша қалыптасқан ғылыми пән болып табылмайды. Бұл мақала онлайн білім беру
жүйесіндегі нейромаркетинг туралы ғылыми түсініктерді кеңейтеді, жаңа қолданбалы ғылыми
пән ретіндегі нейромаркетингке тән өзекті мәселелерді, оның шектеулері мен мүмкіндіктерін
анықтайды.
Түйін сөздер: нейромаркетинг, онлайн білім беру жүйесі, онлайн оқыту, нейробиология,
нейробілім.

Жүктелулер

Как цитировать

Kamaladin, D., & Kazybayeva, A. (2021). Онлайн білім берудегі нейромаркетинг. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 138(4), 22–32. https://doi.org/10.26577/be.2021.v138.i4.03