Цифрлық экономикадағы салық салу

Авторлар

  • B. Sultanova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • G. Alimbekova Нархоз Университеті, Қазақстан, Алматы қ.
  • D. Espaeva "Kaspi bank" АҚ, Қазақстан, Алматы қ

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2021.v135.i1.08
        85 163

Аннотация

Сандық экономика көбінесе күнделікті экономиканы алмастырады. Технологиялардың
қарқынды даму қарқыны және оларды бизнесте пайдалану кәсіпкерлер үшін қызықты
мүмкіндіктер мен мемлекеттің салық органдары үшін сын-қатерлер болып табылады. Сандық
экономикада индустриялық-нарықтық экономикаға тән дәстүрлі сәйкестік, тәуелділік және
пропорция пәрменді бола алмайды. Жаңа экономикадағы реттеудің дәстүрлі әдістері, әсіресе
салық салу саласында пәрменді болуды тоқтатады. Пайдаланылатын технологиялардың
ерекшеліктерін ескеретін жаңа салық ережелері қажет. Ережелерде виртуалды валюталарды,
сандық тауарларды пайдалану тәртібі, салық салу жіктелуі мен принциптері көрсетілуі тиіс.
Зерттеудің мақсаты сандық экономикаға салық салу кезіндегі негізгі проблемаларды және
шетелдік тәжірибе негізінде оларды шешу жолдарын анықтау болып табылады. Зерттеудің
ғылыми маңыздылығы сандық экономика саласындағы салық салу теориясы мен тәжірибесін
зерттеумен негізделген. Зерттеудің практикалық маңыздылығы сандық экономикадағы
салық салу мәселелерін одан әрі бағалау және шешу үшін зерттеу материалдарын пайдалану
мүмкіндігіне негізделген. Мақалада зерттеу әр түрлі халықаралық және қоғамдық ұйымдардың
ақпараттары, сондай-ақ осы тақырып бойынша шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектерінің
негізінде жүзеге асырылды. Зерттеуде талдау, аналогия, абстрагирлеу және нақтылау сияқты
зерттеу әдістері қолданылды.

Түйін сөздер: сандық экономика, салық салу, криптовалюта, трансферттік баға белгілеу, «қол
созу» принципі.

Жүктелулер

Жарияланды

2021-03-20