Аймақтардың интеллектуалдық әлеуетін бағалау: зерттеудің методологиялық негіздері
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2021.v135.i1.07Аннотация
Әлемдегі жаһандану және интеграциялану үрдістері салдарынан білімді қоғамның пайда
болуын байқаймыз. Бұндай білімді қоғамда орнығу үшін Қазақстанда да айтылған қоғамды
қалыптастыру қажеттігі туындайды. Мемлекеттің интеллектуалды даму бағытын ұсынғаннан
бұрын аймақтардағы зияткерлік әлеуеттің жалпы жағдайын біліп алу қажет. Мақаланың
мақсаты – тәжірибеде жүзеге асырылған зияткерлік әлеуетті бағалау әдістерін зерттеу, олардың
кемшіліктері мен артықшылықтарын талқылау және Қазақстанның аймақтарындағы зияткерлік
әлеуетті бағалаудың авторлық әдістемесін ұсыну. Авторлар ұсынатын интегралды көпфакторлы
индекстік әдіс Қазақстан аймақтарындағы зияткерлік әлеуетті білім және ғылым, инновация
және әлеуметтік әл-ауқат тұрғысынан бағалауға мүмкіндік береді. Тәжірибе жүзінде зияткерлік
әлеуетін бағалау Қазақстан Республикасы аймақтарының типологиясын құрап, бағалау
нәтижелері аймақтың зияткерлік әлеуетін дамыту бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді.
Теориялық тұрғыдан бұл мақала зияткерлік әлеуетті бағалау әдістемесін даярлаудың негізі бола
алады. Зерттеу барысында логикалық талдау, талдау мен синтез, жүйелі тәсіл қолданылған.
Аймақтың зияткерлік әлеуетін бағалаудың әзірленген әдістемесі аймақтың инновациялық
әлеуетінің деңгейін айқындауға, өңірлерді зияткерлік әлеуеттің деңгейімен салыстыруға,
Қазақстан Республикасының субъектілерін облыстың зияткерлік әлеуеті деңгейімен саралауға
және аймақтың адами ресурстарын тиімді пайдалануды ескере отырып, аймақтық даму
бағдарламаларын жасауға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: зиякерлік әлеует, бағалау әдістемелері, аймақтардағы адами капитал.