Дамыған елдер мен Қазақстанның еңбек нарықтарының модельдері: салыстырмалы талдау

Авторлар

  • S. Jumambayev Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0003-0527-3748
  • Zh. Temerbulatova Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0002-3205-0948
  • A. Dosmbek Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0001-8394-7176

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2021.v135.i1.06
        136 90

Аннотация

Қазақстанның әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіру мәселесін ойдағыдай шешу үшін
инновациялық экономикаға көшу және еңбек нарығын жаңарту бойынша шешуші шаралар
қабылдау қажет. «Еңбек нарығын модернизациялау» дегеніміз алдыңғы қатарлы дамыған елдерде
қабылданған ғылымның соңғы жетістіктеріне, осы саладағы жаңа талаптар мен нормаларға
сәйкес еңбек нарығын жаңартуды білдіреді.
Мақаланың мақсаты – әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған елдеріндегі еңбек нарығы
модельдерін талдау негізінде Қазақстанның еңбек нарығын жаңарту нұсқасын таңдау.
Ғылыми зерттеудің негізгі бағыттары: елдердің әлеуметтік-экономикалық даму модельдері
мен олардың еңбек нарықтары арасындағы байланысын; еңбек нарығы модельдерінің
ерекшеліктерін; еңбек нарығының тиімділігіне және жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексіне
(GCI) сәйкес әлемдегі елдердің позициясына әсер ететін факторларды анықтау.
Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы – авторлар дамыған елдер мен
Қазақстандағы еңбек нарықтарының модельдерін салыстырмалы талдауға алып келген «еңбек
нарығын модернизациялау» тұжырымдамасына өзіндік түсініктеме береді. Топтастыру, корреляция
және регрессиялық талдау әдістері қолданылды. ЖІӨ, жұмыспен қамту, орташа жалақы және
еңбек өнімділігі арасындағы байланысты зерттеу еңбек нарығының жұмыс істеу ерекшеліктерін
сипаттауға мүмкіндік берді, ал зерттеу нәтижелері еңбек нарығын модернизациялау жөніндегі
шараларды нақтылауға және жүйелеуге мүмкіндік берді. Еңбек нарығын модернизациялау
жобасы елдегі экономикалық реформалар бағдарламасының ажырамас бөлігі болуы керек.

Түйін сөздер: еңбек нарығының модельдері, дамыған елдер, Қазақстан, еңбек нарығының
елдің бәсекеге қабілеттілігіне әсері.

Жүктелулер

Как цитировать

Jumambayev, S., Temerbulatova, Z., & Dosmbek, A. (2021). Дамыған елдер мен Қазақстанның еңбек нарықтарының модельдері: салыстырмалы талдау. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 135(1), 53–67. https://doi.org/10.26577/be.2021.v135.i1.06