Қазақстанның ауыл халқы: демография, статистика және трендтер
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2021.v135.i1.03Аннотация
Мақалада ауылдық жерлердегі демографиялық ахуалдың шиеленісуі, бір жағынан еңбекке
қабілетті халықтың механикалық кетуі және екінші жағынан, бала туу азайған кезде табиғи кему
және салыстырмалы түрде өмір сүру ұзақтығы жоғары болмауынан туындаған проблемалар
қарастырылған. Сонымен қатар, Қазақстанда агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Агроөнеркәсіптік кешеннің өзегі
ретінде ауыл шаруашылығының алдына халықтың кең тобына тамақ өнімдерінің физикалық
және экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін
арттыру, аграрлық ғылымды және технологиялар трансфертін дамыту, цифрлық технологияларды
енгізу және ауыл халқының өмір сүру сапасын арттыру бойынша маңызды міндеттер қойылды.
Келешекте ауылдық жерлерде демографиялық әлеуеттің төмендеуі жалпы халықтың өсіп-өну
қарқынына, ауылдық аумақтардың жай-күйіне, тіпті тозуына теріс әсер етуі мүмкін. Мақаланың
мақсаты ауыл халқының өсімін молайту қарқынын статистикалық талдау, ауылдық жерлердегі
демографиялық жағдайды зерделеу ғана емес, сонымен қатар демографиялық қауіп-қатерлерді
болдырмау, азық-түлік қауіпсіздігі проблемасын шешу, ауылдық аумақтарды тұрақты әлеуметтік-
экономикалық дамыту жөніндегі шаралар кешенін негіздеу болып табылады. Қойылған мақсатқа
қол жеткізу үшін диалектикалық, тарихи, статистикалық-экономикалық, салыстырмалы әдістер
пайдаланылды. Авторлар ауылдық аумақтардың еңбек әлеуетін ауылдық ауданның, облыстың,
өңірдің және жалпы елдің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің негізгі факторы ретінде
бөліп көрсетеді.
Түйін сөздер: ауыл халқы, демография, көші-қон, кету, еңбек ресурстары.