Анализ влияния мотивации на управление карьерой в рамках двухфакторной теории Герцберга
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2023.v143.i1.010Аннотация
Мотивация теориялары адам ресурстарын басқару жүйесін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Әсіресе, қазіргі ұйымдарда мотивация жүйесін зерттеу және құру үшін Герцбергтің екі факторлы мотивация теориясын қолдануға болады. Бұл мақалада респонденттердің тұлғалық сипаттамалары мен гигиеналық және ынталандырушы факторлар арасындағы байланыс, сондай-ақ осы факторлардың университет қызметкерлері мен оқытушыларының мансабын басқаруға әсері талданды. Мәліметтер жинақтау кезінде респонденттің жеке ойын бағалау үшін 5-балдық Лайкерт шкаласын пайдаланып жасалған сауалнама әдісі қолданылды. Сауалнама нәтижелері SPSS Statistics бағдарламасына кодталып енгізілді. Осы бағдарламаның көмегімен сауалнама нәтижелеріне факторлық талдау, дисперсиялық талдау (ANOVA) және регрессиялық талдау жүргізілді. Бұл мақалада гигиеналық және ынталандырушы факторлардың университеттің қызметерлері мен оқытушыларына қатысты мансапты басқаруға әсері анықталды. Яғни, гигиеналық фактор коэффициенті бір бірлікке артқан жағдайда, мансапты басқару деңгейі 18,5%-ға төмендейді. Ал, керісінше, мотивациялық фактор мен мансаптық даму арасындағы оң корреляция бар. Яғни, егер мотивациялық фактор бір бірлікке өссе, мансаптық даму 43,5%-ға артады. Зерттеу нәтижесінде екі факторлы теория аясында қызметкерлер мен оқытушылардың мансаптық дамуы үшін екі фактордың да маңызды екендігі анықталды. Дегенмен, мансапты басқаруда оң нәтижеге қол жеткізу үшін ынталандырушы факторлар көбірек мән берілуі керек. Ынталандырудың әділ және пайымды тәжірибесі арқылы мотивация жоғарылаған кезде, персоналдың дамуға деген ұмтылысы да арта түседі.