Сүт саласының логистикасын дамыту: отандық және шетелдік тәжірибе
DOI:
https://doi.org/10.26577/be2025153311Аннотация
Бұл зерттеудің мақсаты цифрландырудың Қазақстандағы сүт саласының логистикасын дамытуға әсерін жан-жақты зерттеу болып табылады. Отандық және шетелдік тәжірибені салыстыруда сүт саласының логистикасын зерттеу біздің елімізде сүт өнімдерін жеткізу мен таратудың тұрақты және бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыруға бағытталған маңызды ғылыми және практикалық міндет болып табылады. Шетелдік тәжірибелермен салыстырғанда елімізде сүт саласының жүйелі проблемалары анықталды: фермерлер кооперациясының төмен деңгейі (ұсақ тауарлылық), көлік және тоңазытқыш инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы, қайта өңдеу қуаттарының шектеулі жүктемесі және саланың төмен цифрландыру деңгейі. Шетелдік тәжірибені талдау ондағы сүт саласы логистикасының табысты дамуының негізгі факторларын анықтауға мүмкіндік берді: кооперацияның жоғары дәрежесі (кооперативтік модельдерді қолдану), сапаны қатаң стандарттау, цифрлық технологияларды кеңінен қолдану және экспорттық бағдарлау. Қазақстан үшін ұлттық ерекшелікті ескере отырып, осы модельдерді бейімдеу саланы дамытудың және оны халықаралық жеткізу тізбегіне интеграциялаудың стратегиялық бағыты болуы мүмкін. Алынған нәтижелер Қазақстандағы сүт логистикасын цифрландыру саланың ішкі нарықтағы тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар халықаралық жеткізу тізбегіне кірігуге мүмкіндік беретін стратегиялық басымдық болып табылатынын болжауға мүмкіндік береді. Жүргізілген зерттеу негізінде ұйымның кооперативтік нысандарын дамытуды, «суық тізбек» инфрақұрылымын жаңғыртуды және тиімділікті, бәсекеге қабілеттілікті, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстанның халықаралық жеткізу тізбегіне интеграциялануын қамтамасыз ету мақсатында логистикалық процестерді цифрландыруды қамтитын Қазақстан Республикасында сүт саласының логистикасын дамыту жөнінде ұсыныстар тұжырымдалды.
Түйін сөздер: сүт саласы, логистика, «суық тізбек», фермерлер кооперациясы, цифрландыру, сүтті қайта өңдеу, сапаны стандарттау, экспорт, агроөнеркәсіптік кешен.
