Statistica ақпараттық бағдарламасын қолдану арқылы Қазақстанның ЖІӨ мен экономикалық өсудің негізгі факторлары арасындағы себеп-салдарлық байланысты компьютерлік модельдеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/be202515333Аннотация
Мақалада Қазақстанның нақты ЖІӨ-нің өсуі мен Қазақстан қор биржасының (KASE) акция нарығы, Brent маркалы мұнайдың әлемдік бағасы, экономикадағы несиенің жалпы деңгейі, Қазақстанның таза экспорты, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтері, елдің негізгі капиталына инвестицияның жалпы деңгейі, АҚШ долларының қазақстандық теңгеге айырбастау бағамы, Brent маркалы мұнай экспортынан түсетін кірістер, мемлекеттік бюджет шығыстары түрінде алынған оның негізгі детерминанттар деңгейінің өзгеруі арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтау көзделінген. Осы зерттеудің мақсаты – Қазақстанның нақты ЖІӨ-нің өсуі мен экономикалық дамудың негізгі факторларындағы өзгерістер арасындағы себеп-салдарлық байланыстың күші мен нысанын эмпирикалық тексеру. Жұмыста тұжырымдалған гипотезалар 2007 жылдың 1 қаңтарынан 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңді қамтитын Statistica бағдарламалық жасақтамасында бірнеше тәуелсіз айнымалылары бар көп-мүшелі классикалық сызықтық регрессияны компьютерлік модельдеу негізінде тексерілді. Есептеулер салыстырмалы мөлшерде, яғни өсу қарқынында жүргізілді. Қазақстан экономикасының өсуі мен тәуелсіз айнымалылар арасындағы себеп-салдарлық байланыстың күші мен нысанын эмпирикалық сынау нәтижелері бірнеше айнымалылары бар екі классикалық сызықтық регрессия моделін құруға мүмкіндік берді: 1-модель - Қазақстанның нақты ЖІӨ мен ҚР Ұлттық қорының активтері, Brent маркалы мұнайдың әлемдік бағасы, KASE индексі және USD/KZT бағамы арасындағы көп-мүшелі регрессиялық модель; 2-модель - Қазақстанның нақты ЖІӨ мен мемлекеттік бюджет шығыстары, негізгі капиталға инвестиция және қаржы жүйесіндегі несиенің жалпы деңгейі арасындағы көп-мүшелі регрессиялық модель. Зерттеудің ғылыми-практикалық маңыздылығы Қазақстан экономикасының негізгі факторларының өзгерістерін ескере отырып, оның өсу моделін негіздеу мен сипаттауда. Осы мақалада сипатталған классикалық сызықтық регрессиялық модельдерді Қазақстанда нақты ЖІӨ өсу саясатын әзірлеу және жүзеге асыру кезінде пайдалануға болады. Ұсынылған тәуелсіз түсіндірме айнымалылар жиынтығы алға қойылған мақсаттарды ескере отырып, Қазақстанның экономикалық өсу бағытын анықтау үшін қажетті факторларды таңдауға мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: Қазақстанның экономикалық өсуі, нақты ЖІӨ өсу факторлары, көп-мүшелі регрессияның моделі.
