Экономикалық қашықтық негізінде аумақтық логистиканы модельдеу
DOI:
https://doi.org/10.26577/be2025151110Аннотация
Бұл мақалада экономикалық қашықтық тұжырымдамасын қолдана отырып, аумақтық логистиканы модельдеудің әдістері талданады. Логистика Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдауда шешуші рөл атқарады, жүктің тиімді тасымалдануына және елдің халықаралық көлік дәліздеріне интеграциясына ықпал етеді. Жұмыста көлік ағындарын модельдеу принциптері қарастырылады, ол арқылы көлік инфрақұрылымының қолжетімділігі мен өткізу қабілетінің логистикалық процестердің тиімділігіне әсері бағаланады.
Зерттеу барысында Хафф моделі, Рейли моделі және модификацияланған гравитациялық модель алты параметр бойынша салыстырмалы талдауға алынған. Гипотетикалық мысал негізінде Хафф және Рейли модельдері үш аймақтың (Астана, Алматы және Қарағанды қалаларының логистикалық жүйесі) көлік желісі үшін практикалық зерттеу жүргізуге пайдаланылды. Есептеулер көрсеткендей, жүк айналымының бөлінуі тек жүк ағындарының көлеміне ғана емес, сонымен қатар экономикалық қашықтыққа байланысты анықталады, ол аумақтардың дамуына әсер ететін логистикалық хабтардың тартымдылығын сипаттайды.
Қазақстан көлік желісіндегі практикалық талдау көрсетуі бойынша, жоғары жүк айналымы бар және тұтынушы аймақтарға тікелей жақын орналасқан логистикалық объектілер жоғары логистикалық тартымдылыққа ие, бұл физикалық арақашықтық пен тасымалдау шығындарын біріктіретін экономикалық қашықтық параметрін күшейтеді.
Аумақтық-логистикалық инфрақұрылымды оңтайландыру көлік шығындарын азайтып, жүк тасымалының тиімділігін арттыруға және аймақтарды ұлттық және халықаралық көлік дәліздеріне интеграциялауға ықпал етеді. Мақалада ұсынылған модельдер мен әдістер логистикалық процестерді стратегиялық жоспарлау және тиімді жүк бөлуді қамтамасыз ететін схемаларды әзірлеуге арналған.
Түйін сөздер: аумақтық логистика, экономикалық қашықтық, Хафф моделі, Рейли моделі, модификацияланған гравитациялық модель, көлік қолжетімділігі, жүк айналымы.