Қазақстан Республикасындағы моноқалалардың даму басымдықтарын қалыптастыруда стратегиялық маркетингтік жоспарлауды жетілдіру
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2024-149-i3-07Аннотация
Зерттеудің өзектілігі мемлекет тарапынан аса назар аударылып отырған моноқалалардың рөлінің ерекшелігімен анықталады: олар әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шиеленісу аймағында орналасқан, сондай-ақ ел экономикасының дамуы үшін маңызды орын алады. Аталған мақаланың соңғы мақсаты – Қазақстандағы моноқалалардың даму басымдықтарын қалыптастыруда стратегиялық маркетингтік жоспарлаудың әдістемелік тәсілдерін әзірлеу және оны сынақтан өткізу болып табылады. Мысалыға зерттеудің әртүрлі кезеңдеріндегі моноқалалар мынандай мөлшерде ұсынылды: Қазақстанның 27, 20, 9 моноқаласы. Кәзіргі және алдағы уақыттағы аумақтық маркетингтің жекелеген салалары бойынша топтастырылған қолжетімді статистикалық әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер негізінде 9 моноқаланы дамытудың басымдықтары анықталды. Зерттеудің міндеттері болып: моноқалаларының даму басымдықтарын қалыптастыруда стратегиялық маркетингтік жоспарлауды жетілдірудің әдістемелік тәсілдерін әзірлеу, моноқалалардың дамуындағы артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтау, типологиясын жүргізу, жасанды интеллект технологиясының негізінде моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының имитациялық моделінің құралдарын әзірлеу, Қазақстанның моноқалаларының стратегиялық даму басымдықтарын анықтау. Мәліметтерді жинау, өңдеу және талдаудың әдістемесі ретінде контент, салыстырмалы, факторлық, кластерлік талдау, типология, жасанды интеллектіні құру моделі (мұғаліммен оқыту, қателерді түзеу, BFGS – оңтайландыру) әдістемесі қолданылды. Мәліметтерді өңдеу, талдау, болжау үшін STATICTICA бағдарламалық кешенінің 13 нұсқасы пайдаланылды. Зерртеу нәтижелері – стратегиялық маркетингтік жоспарлаудың әзірленген құралдарын Қазақстан Республикасының моноқалаларын дамытудың ғылыми негізделген даму басымдықтарын қалыптастыру мақсаттары үшін пайдалану орынды екенін көрсетті.
Түйін сөздер: моноқала, маркетингтік стартегиялық жоспарлау, типология, даму басымдықтары, факторлық талдау, кластерлік талдау, имитациялық моделдеу.