Банктердің қаржылық тұрақтылығы: сарапшылардың бағалауы
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2024-148-b2-02Аннотация
Әлемдік қаржы нарықтарында компаниялар мен қаржы институттары қабылдаған экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік жауапкершілік қағидаттары аясында қаржы құралдарын пайдалануды көздейтін тұрақты қаржыландыру тұжырымдамасының танымалдығы артып келеді. Тұрақты инвестициялардың жаһандық Альянсының мәліметтері бойынша, мұндай тәсілдер инвестиция құйылған активтердің жалпы көлемінің 35,9% - қамтып отыр. Бұл үрдіс экологиялық және әлеуметтік қайшылықтарды шешпей ұзақ мерзімді дамуға бет алудың мүмкін еместігін түсіндіреді. Мақаланың мақсаты тұрақты қаржыландыру факторы ретінде банктердегі ESG принциптерінің басымдылығын бағалау. Сондай-ақ, тағы бір мақсат, еліміздің банктеріндегі ESG қағидаттарын бағалап, тұрақты қаржыны дамытудың одан әрі бағыттарын анықтауға мүмкіндік беретін тұшымды ұсынымдарды әзірлеу. Сонымен қатар, жетекші елдердің экологиялық және әлеуметтік жауапты инвестициялау саласындағы тәжірибесін және оның банк жүйесіндегі рөлін зерттейді және Қазақстан тәжірибесіне енгізуге болатын жалпы және ерекше белгілерін анықтайды. Зерттеу әдістемесі AHP (МИА) әдісі арқылы банк менеджментінің орта буын сарапшыларының 9 ESG факторының әсерін бағалалауға негізделген. Бұл әдіс инвесторларға Қазақстандағы банктердің қызметіне ESG қағидаттарын енгізгеннен кейін, оның жай-күйі мен перспективаларын бағалаудың индикаторы ретінде жүйелі түрде салыстырып отыруға және басымдық беруге мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижесінде анықталғандай, ESG факторларын банктердің тұрақты даму стратегиясына енгізу тұрақты өнімге сұранысты арттырып және жаңа тұтынушыларды тарту арқылы олардың активтерінің өсуіне ықпал етеді. Алынған нәтижелер ESG шарттарына негізделген тұрақты қаржыландыру және инвестициялау аясында банктер үшін тәжірибелік мәні зор.
Түйін сөздер: тұрақты қаржыландыру, ESG, декаробандау, банктер, сарапшылар бағалауы.