Бухгалтерлік есеп пен аудитті цифрландыру ұлттық ресурстарды басқару тиімділігін арттыру факторы ретінде

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2024-149-i3-05
        52 38

Аннотация

Ұлттық ресурстар елдің мүмкіндіктері мен болашағын айқындайтын экономикалық дамудың маңызды элементі болып табылады және оларды тиімді басқару кез келген елдің экономикалық өсуі мен өркендеуіне ықпал етеді. Ұлттық ресурстарды басқару сапасын жақсарту жалпы өнім шығаруды айтарлықтай арттырады. Бухгалтерлік есеп және аудит саласы ұлттық ресурстарды тиімді пайдалану бойынша нормативтік талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп, шешімдерді қабылдауға және басқаруды ұйымдастырудың негізі. Заманауи әлемде соңғы жылдары аталған салаларда бизнес үрдістер мен технологиялардан бастап қызметкерлердің кәсібилігін бағалау сияқты аспектілерді қоса алғанда, сандық трансформацияға қарай өзгеріс байқалады. Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жаңаланған құралдары пайда болуда. Нәтижесінде жүйе бұрынғыдан тез және ақпаратты болған. Бұл өз кезегінде елдің әл-ауқатының өсуіне әсер етеді. Сонымен қатар, қазіргі уақытта елдің ұлттық ресурстарын басқаруды цифрландыру бағытында түрлендіруге болатын есеп пен аудитті дамытудың бірде-бір моделі жоқ. Мақала бухгалтердік есеп пен аудиттің цифраландырылуымен байланысты трансформациялау өзгешеліктерін және бұл үрдістің ұлттық ресурстарды басқару тиімділігіне ықпалын сипаттауға арналған. Зерттеу объектісі цифрлық есеп пен аудит технологиялары және оларды ұлттық ресурстарды басқаруда қолдану болды. Сонымен қатар, шаруашылық қызметтің ақпаратын өңдеуде сандық деректерді қолдануға байланысты бухгалтерлік есеп пен аудитті жүргізуде заманауи технологияларды және инновацияларды пайдалану ұлттық ресуртардың есебі мен аудитін ұйымдастыруға әсері зерттеледі. Зерттеу жұмысының негізгі әдіснамалық қағидалары болып диалектикалық және эмпирикалық әдістері алынған. Зерттеудің басты нәтижесі елдің ұлттың ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру мақсатындағы, қазіргі замандағы цифраландыру жағдайында, бухгалтерлік есеп пен аудит үрдістерінің трансформация кезеңдерін жалпылау болып табылады. Экономикалық субъектілер алынған нәтижелерді, жаһандық сандық трансформация жағдайында, өздерінің бәсекелестік артықшылықтарын арттыруда қолдана алады.

Түйін сөздер: бухгалтерлік есеп, аудит, цифрландыру, электронды есептілік, ұлттық ресурстар, блокчейн технологиясы, роботизациялару.

Авторлардың биографисы

Ф.К. Ердавлетова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

экономикалық ғылымдарының кандидаты, «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, Email: farida.yerdavletova@kaznu.kz)

Л.А. Бимендиева, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

экономикалық ғылымдарының кандидаты, «Экономика» кафедрасының доценті, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, Email: Bimendiyeva@kaznu.kz)

А.А. Аманкелді, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

PhD докторант, «Қаржы және есеп» кафедрасының оқытушысы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, Email: aigul.amankeldy@mail.ru)

Н.M. Шмиголь, Варшава технологиялық университеті, Варшава қ., Польша

ғылым докторы, Варшава технологиялық университетінің профессоры (Варшава қ., Польша, Email: nadiia.shmygol@pw.edu.pl)

Жүктелулер

Как цитировать

Ердавлетова F., Бимендиева L. ., Аманкелді A., & Шмиголь N. . (2024). Бухгалтерлік есеп пен аудитті цифрландыру ұлттық ресурстарды басқару тиімділігін арттыру факторы ретінде. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 149(3), 59–72. https://doi.org/10.26577/be.2024-149-i3-05