Қазақстан Республикасында экологиялық есепті ұйымдастырудың ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2024-148-b2-015
        88 75

Аннотация

Экономиканың күрделі және тез өзгеретін жағдайында кез келген шаруашылық жүргізуші субъектінің табысты жұмыс істеуі оның бәсекеге қабілеттілігімен анықталады. Бәсекеге қабілетті субъект – бұл өз өнімдеріне жоғары құндылығы мен сұранысы бар ұйым. Сондықтан бизнесті дамыту мен кеңейтудің маңызды шарттарының бірі өндіріс шығындары мен өзіндік құнын есепке алу әдістемесін шебер ұйымдастырумен қатар экологиялық шығындарды дұрыс есепке алу болып саналады.

Бұл мақалада өнеркәсіптік кәсіпорындар келтіретін экологиялық залалдың әсерін азайту мақсатында кез-келген өндірістің түпкі мақсатына жетуге бағытталған қазіргі жағдайда экологиялық есепті зерделеу қажеттілігі ашылады.

Мақаланың мақсаты – өнімдердің бәсекелестік қабілеті мен сенімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін экономикалық шығындар мен қоршаған ортаны қорғауға жұмсалатын шығындардың байланысын көрсететін «экологиялық шығындар есебінің» әдістемесін ашып көрсету.

Мақаланы орындау кезінде зерттеудің әртүрлі әдістер қолданылды, соның диалектикалық тәсіл, монографиялық зерттеулер мен графикалық әдістер.

Зерттеуден алған нәтижелер мен қорытындыларды компаниялардың экономикалық және қоршаған ортаны қорғау шығындарын тиімді басқару мен өзіндік құнды қалыптастырудың ұтымды әдістерін қолдануға мүмкіндіктерін көрсетумен қатар, ұйымдардың экологиялық қызметтерін тиімді ұйымдастыруға ықпал ету дәрежелерімен ерешеленеді.

Ғылыми мақалада мақсатты өзіндік құнды қалыптастырудың анықтамасы тұжырымдалады, өнімнің бәсекеге қабылеттілігі мен өндірістің қоршаған ортаға әсерін анықтау үшін экологиялық есептің маңыздылығы мен әдістері зерттеледі.

Түйін сөздер. Экологиялық есеп, экологиялық шығындар, мақсатты шығындарды есептеу, басқару есебі, калькуляциялау әдістері.

 

 

Авторлардың биографисы

Н.С. Нуркашева, Нархоз университеті, Қазақстан, Алматы қ.

э.ғ.к., Нархоз университетінің «Есеп және аудит» БББ-ның ассистент-профессоры, (Алматы қ., Қазақстан, nursulu_1975@mail.ru)

А.Е. Иматаева, Нархоз университеті, Қазақстан, Алматы қ.

экономика ғылымдарының магистрі, Нархоз университетінің «Ақпараттық жүйелер» БББ-ның аға оқытушысы, (Алматы қ, Қазақстан, aliya.imataeva@narxoz.kz)

А.Р. Андосова, Тұран университеті, Қазақстан, Алматы қ.

экономика ғылымдарының магистрі, Тұран университеті, «Есеп және аудит» кафедрасының аға оқытушысы,  (Алматы қ., Қазақстан, andossova.a@mail.ru).

Й.У. Узун, Бітліс Ерен Университеті, Түркия, Бітліс қ.

Бітліс Ерен Университеті, Бітліс қ., Түркия, e-mail: yuuzun@beu.edu.tr

Жүктелулер

Как цитировать

Нуркашева N. ., Иматаева A. ., Андосова A. ., & Узун Y. . (2024). Қазақстан Республикасында экологиялық есепті ұйымдастырудың ерекшеліктері. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 2(148), 179–192. https://doi.org/10.26577/be.2024-148-b2-015