Макродеңгейдегі адами капиталға инвестициялардың тиімділігін бағалау

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2024-148-b2-07
        111 99

Аннотация

Бұл мақала жедел экономикалық өсу үшін жағдай жасауға ықпал ететін маңызды сала ретінде білім беру саласын қаржыландырудың тиімділігін бағалау мәселесін зерттеуге арналған. Инновациялық экономиканың қалыптасуы мен дамуы жағдайында білім беру саласын инвестициялау басым сипатқа ие және стратегиялық тұрғыдан маңызды бәсекелестік артықшылықты - елдің зияткерлік әлеуетін жинақтау мен дамытуды қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, білім беруге инвестициялардың ұлғаюы әсердің артуын білдірмейді және білім беру қызметтерінің сапасын арттыруға кепілдік бере алмайды. Сондықтан саладағы инвестицияларды жүзеге асырудағы өзекті мәселелердің бірі олардың тиімділігін бағалау болып табылады. Макро деңгейде білім беруге инвестициялардың тиімділігін бағалау әдістемесін қалыптастыру білім беруге ұлттық инвестициялардың өзгерістерін және адам дамуы индексінің өзгерістерін салыстыруға негізделген. Ұсынылған әдісті сынау нақты мысалда жүзеге асырылады. Бұл мақалада философия және экономика классиктерінің еңбектері, монографиялар, ғылыми-техникалық зерттеулер, шетелдік және отандық ғалымдардың адами капиталға салынған инвестициялардың тиімділігін талдауға және бағалауға арналған мақалалары талданады. Бұл зерттеудің нәтижелері экономист-теоретиктердің алдына маңызды мәселе қояды: адами капиталдың экономикалық өсуге әсер ету механизмі қандай, адами капитал қоры мен капитал және технологиялық прогресс арасындағы қатынасты қалай модельдеуге болады,  және де адами капиталдың модельге жинақталуының заңдылығы.

Түйін сөздер: адами капитал, инвестициялар, тиімділікті бағалау, білім беру, адами капитал индексі.

 

 

Авторлардың биографисы

Р.Е. Жаншанло, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

экономика ғылымдарының докторы, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қаржы және есеп» кафедрасының профессор (Алматы қ., Қазақстан, Электронды пошта:  ramazan1951@mail.ru )

О.Ю. Когут, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

(корреспонденттік автор) PhD, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті (Алматы қ., Қазақстан, Электронды пошта: kogut.1108@gmail.com)

Э.А. Актуреева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан, Электронды пошта: elmiramika210765@mail.ru)

Ж.К. Купенова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Қаржы және есеп» кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан, Электронды пошта: ms.kupenova@mail.ru)

Жүктелулер

Как цитировать

Жаншанло R. ., Когут O. ., Актуреева . E. ., & Купенова Z. . (2024). Макродеңгейдегі адами капиталға инвестициялардың тиімділігін бағалау. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 2(148), 84–95. https://doi.org/10.26577/be.2024-148-b2-07