Қазақстандықтардың қаржылық тұрақтылығы: жұмыспен қамту сілкінісі және тұтынуды түзету
DOI:
https://doi.org/10.26577/jerba202414716Аннотация
Тұтыну шығындары кез келген елдегі экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып табылады. Соңғы жылдары қазақстандықтардың жиынтық табысындағы нақты тұтыну шығындарының үлесі өсу үрдісінде. Қазақстандықтардың табыстарының артуы және тауарлар мен қызметтер бағасының өсуі арасындағы айырмашылықтарды ескере отырып, әлеуметтік-демографиялық және қаржылық факторлардың тұтынуды түзету қабілетіне әсерін зерттеу, сондай-ақ қысқа және ұзақ мерзімде тұтыну деңгейіне экономикалық күйзелістердің әсерін бағалау өзекті болып отыр. Осылайша, ұсынылып отырған зерттеудің мақсаты қазақстандықтардың тұтынушылық шығындарының деңгейіне әсер ететін факторлардың үлесін зерттеу болып табылады. Мақаланың ғылыми маңыздылығы Қазақстан тұтынушыларының мысалында тұрақты табыс гипотезасын растау және кездейсоқ кезу гипотезасын жоққа шығару болып табылады. Қысқа және ұзақ мерзімді кезеңдерде зертеліп отырған айнымалылардың коэффициенттерін бағалау үшін жетілдірілген ең кіші квадраттар әдісі және топтық орташалардың біріктірілген әдісі қолданылды. Зерттеу қорытындысы бойынша, уақытша кірістердің өсуі Қазақстан тұрғындарының тұтынуын қысқа мерзімді кезеңде тек 6% - ға және ұзақ мерзімді кезеңде 22% - ға теңестіруге ықпал етеді. Әсер ету факторларын есепке алғаннан кейін, ұзақ мерзімді кезеңде көлбеу коэффициентінің бағасы 11% - ға дейін төмендеді. Қазақстандықтардың жинақтарының ұлғаюы олардың тұтынушылық шығындарын түзетуге ықпал етпейді, сонымен қатар, жұмыспен қамту сілкінісі және үй шаруашылықтары мүшелерінің орташа санының өсуі ұзақ мерзімді кезеңде тұтыну деңгейінің төмендеуіне ықпал етеді. Демек, үй шаруашылықтарындағы жинақ деңгейінің жеткіліксіздігі туралы қорытынды жасауға болады. Бұл ретте, білім деңгейін арттыру қазақстандықтардың ұзақ мерзімді кезеңде тұтынуын тегістеуге оң әсерін тигізе алады. Сондай-ақ, үй шаруашылықтары азық-түлік тауарларына қарағанда ұзақ мерзімді тауарларға жұмсалатын шығындарға сезімтал екені расталды. Алынған нәтижелер Қазақстанның үй шаруашылықтарын мемлекеттік қолдау шараларының кешенін әзірлеу кезінде, сондай-ақ аралық деңгейдегі Микроэкономика курсы шеңберінде "Тұтынушының мінез-құлық теориясы" тақырыбына қосымша материал ретінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл зерттеудің практикалық маңыздылығын көрсетеді.
Түйін сөздер: тұтыну, үй шаруашылықтары, жинақтар, жұмыспен қамту сілкінісі, білім деңгейі.