Қазақстандық салалардың жаһандық құн тізбектеріне қатысу дәрежесін бағалау
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2023.v146.i4.02Аннотация
Экономика құрылымы, ресурстардың және өндірістік қуаттардың қолжетімділігі жалпы алғанда ел тауарларының әлемдік өндіріс тізбегіне қатысуын анықтайды. Бұл зерттеу елдің жаһандық экономикаға интеграциясын және оның халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін түсіну үшін қазақстандық өндірістердің жаһандық құн тізбегіне (GVC) қатысу дәрежесін бағалайды.
Қазақстандық тауарлардың GVC-ге қатысуын бағалау Дүниежүзілік банк сарапшылары енгізген ілгері және кері интеграциялардың кеңінен танылған көрсеткіштерін қамтиды. Бұл талдау қазақстандық тауарлардың өндіріс тізбегіндегі рөліне түсінік бере отырып, сұраныс моделі шеңберіндегі себепті байланыстарды зерттейді. Нәтижелер Қазақстанның GVC-ге қатысуы негізінен ілгері интеграцияға негізделгенін көрсетті. GVC-ге қатысудың шыңы 2004-2008 жылдар аралығында болды, жалпы қатысуы 45%-дан асты, әсіресе тау-кен өнеркәсібі, энергетикалық өндіріс, резеңке және пластмасса бұйымдары және қымбат емес металдар сияқты салаларда. Әдебиеттерде елдің шикізат сектор тауарларының жаһандық жеткізушісі ретіндегі рөлі ұзақ уақыт бойы талқыланып келе жатқанымен, осы зерттеу нәтижелері кері интеграцияның салыстырмалы түрде жоғары дәрежесі бар салаларды анықтады. Кейбір секторлар, соның ішінде резеңке және пластмасса бұйымдары, компьютерлік және электронды жабдықтар, көлік жабдықтары мен тоқыма бұйымдары кері интеграцияның ілгері интеграциямен салыстырғанда жоғары көрсеткіштерін көрсетті (тиісінше 30.3%, 25.5%, 24.3% және 26%). Бұл импорттық құрамдас бөліктерге айтарлықтай тәуелділікті көрсетеді, бұл осы секторлардағы экспортқа жұмсалатын шығындар құрылымының елеулі үлесіне баса назар аударады. Металдар секторы 40% асатын қатысу үлесімен ерекшеленеді, бұл жаһандық құн тізбегіндегі маңызды орынды айқындайды. Жұмыстың практикалық маңыздылығы GVC-ке кері интеграциялануы мүмкін салаларды анықтауы болып табылады.
Зерттеу Қазақстанның GVC-дегі позициясын талқылап, жоғары деңгейлі өндірісті анықтау мүмкіндіктерін зерттей отырып, Қазақстанды өндіріс орны ретінде GVC-ке интеграциялау әлеуетін бағалау үшін одан әрі терең зерттеулер қажеттігін көрсетеді.
Түйін сөздер: жаһандық құн тізбегі, халықаралық нарықтар, сауда саясаты, ілгері және кері интеграция, сауда көрсеткіштері