Қазақстандағы мемлекеттік шығындар мен экономикалық өсу арасындағы байланысты эмпирикалық талдау
DOI:
https://doi.org/10.26577/jerba2024147111Аннотация
Фискалдық саясат пен экономикалық өсу арасындағы байланыс әдебиеттегі назар аударарлық мәселелердің бірі болып табылады. Атап айтқанда, елдердегі мемлекеттік шығындардың ұлғаю себептері және бұл шығындардың экономикалық өсуге әсері фискалдық саясат контекстінде маңызды. Экономикадағы саяси және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету тұрғысынан мемлекеттік шығыстардың маңызы өте зор болып табылады. Осы тұста зерттеушілер өткеннен бүгінге дейін дамыған және дамушы елдерде мемлекеттік шығындардың өсіп келе жатқандығын зерттеулерінде көрсеткен. Кейбір зерттеулер мемлекеттік шығындардың экономикалық өсуге әсерін әртүрлі тәсілдермен зерттейді. Экономикалық өсу мен мемлекеттік шығындар арасындағы қатынас бойынша коинтеграция мен себептілік тестілерінің нәтижесінде Вагнердің және Кейнстің тәсілдерін қолдайтын көптеген зерттеулер бар. Бұл зерттеудің мақсаты сызықтық емес ARDL (NARDL) шеңберінде қысқа және ұзақ мерзімді перспективада, экономикалық өсудің мемлекеттік шығындарға асимметриялық әсерін талдау арқылы әдебиетке үлес қосу болып табылады. Бұл зерттеуде 1997-2021 жылдар аралығындағы мемлекеттік шығындар және экономикалық өсу деректері қолданылды. Эмпирикалық анализдің нәтижелеріне сәйкес, Қазақстанда Вагнер заңы жарамды болып табылады, сонымен қатар экономикалық өсудің мемлекеттік шығындарға асимметриялық әсері бар.
Түйін сөздер: мемлекеттік шығындар, экономикалық өсу, Қазақстан, Вагнер заңы.