Қазақстанның аграрлық саласында инновациялық интеграцияланған құрылымдарды жасау болашағы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2023.v146.i4.010
        140 133

Аннотация

Қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлеріне төтеп беру үшін шаруашылық жүргізуші субъектілерге дамудың ең жақсы стратегияларын тұжырымдап, өндірістің ұйымдық құрылымын жетілдіріп, басқарудың инновациялық нысандарын үнемі енгізу қажет. Зерттеудің мақсаты – әлемде бар интеграцияланған инновациялық құрылымдарды зерттеу және Қазақстанның аграрлық
секторында озық тәжірибені қолдану мүмкіндігін бағалау. Зерттеу әдісі шаруашылық жүргізуші
субъектілердің интеграциясын зерттеудің аналитикалық, статистикалық, жүйелі және кешенді
тәсілдерін қолданудан тұрады; агроөнеркәсіптік кешеннің салалық ерекшеліктері контекстінде
интеграциялық процестер туралы ғылыми идеяларды кеңейту және нақтылау. Ғылыми жаңалық
шағын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді ұжымдық меншікті білдіретін, меншік иелері
акционерлер болып табылатын, кіріс енгізілген үлеске сәйкес бөлінетін кешенді құрылымға біріктіру бойынша ұсыныстар әзірлеуде жатыр. Агроөнеркәсіптік кешенде жұмсақ құрылымдарды,
мысалы, жұмыс істейтін акционерлік меншікке негізделген бірлестіктер немесе кәсіпорындар
құру ұсынылады, бұл оның мүшелерінің, ауыл еңбеккерлерінің оқшаулануын сақтай отырып,
корпоративтік негізде бірлескен қызметке мүмкіндік береді.
Инновациялық негіздегі интеграция жаңа басқару тетіктерін енгізуге және нарықты азықтүлікпен тез толтыру үшін жоғары өнімділік нәтижелеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Қорытынды: интеграция аграрлық сектордың өнімділігін арттырады, бәсекеге қабілетті өнім
өндіруге, ішкі нарықты қорғауға, өз тұтынушыларын азық-түлікпен қамтамасыз етуге, жаңа технологияларға көшуге, азық-түлік өнімдерінің халықаралық сапа мен қауіпсіздік стандарттарына
сәйкестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: аграрлық сектор, интеграцияланған құрылым, өндірістік тізбек, шаруашылық
субъектілері, стратегия.

Жүктелулер

Как цитировать

Серикбаев, С. ., Нурашева, К. ., & Сейсенбаева, Ж. (2023). Қазақстанның аграрлық саласында инновациялық интеграцияланған құрылымдарды жасау болашағы. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 146(4), 113–125. https://doi.org/10.26577/be.2023.v146.i4.010