Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық тартымдылығының факторлары
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2023.v145.i3.09Аннотация
Аннотация. Мақалада Қазақстан өңірлерінің инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселелері қарастырылады. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері негізінде салалық, технологиялық және аумақтық бөліністегі негізгі капиталға инвестициялар серпінінің көрсеткіштері талданды және жүйеленді. Қазақстанда халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнім деңгейі бойынша сәйкессіздіктер мен елеулі өңіраралық айырмашылықтар байқалады. Аймақтар – аутсайдерлердің болуы олардың инвестициялық тартымдылығын арттыру мәселесін жедел шешуді талап етеді. Олай болмаған жағдайда, көшбасшы өңірлерден одан әрі артта қалу жұмыссыздықтың өсуі, халық табысының төмендеуі, халықтың еңбекке қабілетті бөлігінің неғұрлым қолайлы тұрғылықты жерлерге көші – қоны түрінде теріс салдарларға айналуы мүмкін.Аумақтық субъектілер арасындағы инвестицияның динамикасы мен құрылымын талдау нәтижесінде Шығыс Қазақстан облысы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі, олардың өсу қарқыны бойынша республика бойынша жетекші аймаққа жататыны анықталды. SWOT-талдау негізінде Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық тартымдылығының күшті және әлсіз жақтары, мүмкіндіктері мен қауіптері анықталды. Бұл зерделенетін объектіні орташа инвестициялық тәуекелдер кезінде елеулі инвестициялық әлеуетке ие инвестициялау үшін перспективалы өңір ретінде сипаттауға негіз берді. Күшті жақтарға сүйене отырып, әлсіз жақтар мен қауіп-қатерлердің әсерін ескере отырып, қолда бар мүмкіндіктерді жіберіп алмай, өңірдің инвестициялық тартымдылығын едәуір арттыруға, сыртқы және ішкі инвесторларды қызықтыруға және сол арқылы инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыруды қамтамасыз етуге, қаржы қаражатын құю есебінен экономиканы әртараптандыруға, халықты жұмыспен қамту проблемасын шешуге және өңірдің орнықты дамуын қамтамасыз етуге болады. Қазақстанның экономикалық дамуы мен инвестициялық кеңістігінің әртектілігі тұратын жеріне қарамастан өңіраралық сәйкессіздіктерді тегістеу және халықтың өмір сүру сапасын арттыру проблемасын бірінші орынға қояды, бұл әрбір өңірге инвестициялар тартпай, инвестициялық стратегияны жергілікті ерекшеліктерін ескере отырып әзірлеу мүмкін емес.