Белорус республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту: стратегия мен тактика

Авторлар

  • I. V. Malgina Беларусь Республикасы Президентінің жанындағы Басқару академиясы, Минск қ., Беларусь Республикасы http://orcid.org/0000-0002-7516-8911

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2022.v142.i4.07
        90 96

Аннотация

Еліміздің экономикалық дамуында кәсіпкерлікті дамыту стратегиясы мен тактикасының маңызы зор болып табылады. Негзгі дамудың инновациялық және әлеуметтік бағыттары нақты әзірленген стратегиялар мен тактикаларға байланысты. Осы мақаланың жалпы мақсаты – яғни, зерттеудің мақсаты қазіргі даму кезеңінде Беларусь Республикасындағы шағын және орта бизнестың даму тенденцияларын анықтау болып табылады. Осының негізінде шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы бағдарламалық және болжамдық құжаттарды ерекшелеу міндеттері қойылады. Негізгі гипотеза ретінде – мемлекет Беларусь Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін шағын және орта бизнес маңыздылығы мен маңызын мемлекеттік басқарудың стратегиялық және тактикалық деңгейлерінде мойындауы болып табылады. Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының шағын және орта бизнесті дамыту стратегияларының негізгі ережелеріне салыстырмалы талдау жасалынды. Зерттеу нәтижесінде құжаттың негізгі бағыттары бойынша ұқсастығын көрсетті. Беларусь Республикасының негізгі орта мерзімді бағдарламаларында шағын және орта бизнеске қатысты бөлімдер мен бағыттар бар екені мәлім болды. Зерттеу нәтижелерін Беларусь Республикасының Экономика министрлігі және басқа да мүдделі министрліктер шағын және орта бизнес саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеуде пайдалана алады деп есептелінеді.

Негізгі сөздер: шағын және орта бизнес, стратегия, мемлекеттік саясат, мемлекеттік қолдау

Жүктелулер

Как цитировать

Malgina, I. V. (2022). Белорус республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту: стратегия мен тактика. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 142(4), 83–91. https://doi.org/10.26577/be.2022.v142.i4.07