Инновациялық белсенділіктің кәсіпорынның қаржы көрсеткіштерін жоғарылату әдісі ретіндегі ролін бағалау (тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындары мысалында)

Авторлар

  • Zh. K. Taibek Мухтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті, Шымкент қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0001-9836-4889
  • G. Kairanbekov Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. http://orcid.org/0000-0003-1681-8678
  • N. T. Kalbayeva Мухтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті, Шымкент қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0002-7614-0769
  • D. Zhakipbekova Мухтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Университеті, Шымкент қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0001-8035-2572

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2022.v142.i4.08
        101 88

Аннотация

Мақалада Қазақстандағы  кәсіпорындардың және жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындардың экономикалық және инновациялық белсенділігі мен кәсіпорындарды қаржыландырылуы қызметтерінің көлемінің қәзіргі кездегі  жалпы даму серпіні мен көлемі, олардың кәсіпорындар қызметіне әсері туралы зерттеледі.

Зерттеу жұмысының мақсаты отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің шамасын бағалау және инновациялық жобаларды қаржыландырудың көздерін, олардың тиімді бағыттарын анықтау.

Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы қәзіргі кездегі отандық жеңіл өнеркәсібі саласындағы кәсіпорындардың инновациялық қызметтерін қаржыландыру көлемі мен жалпы инновацияларға жұмсалған шығындарды зерттеп, кәсіпорындарда өндірілетін тауар сапасын арттыру мен инновациялық мүмкіндіктерді пайдалану арқылы кәсіпорындардың пайда көлемін  арттыру барысын, оның экономикалық тиімділіктерін анықтау.  Инновациялық шаралардың өнімнің өзіндік құнының мөлшеріне, сапасына, нарықтағы сұраныстарға, талаптарға  сай болуын қарастыру.

Зерттеудің әдістемелік негізін келесі жалпы ғылыми және арнайы әдістер құраған, олар: жүйелік-құрылымдық талдау әдісі; ғылыми абстракция, индукция, экономикалық-статистикалық, логикалық және салыстырмалы талдаулар жасаулар құрайды.

Авторлар барлық және жеңіл өнеркәсіптік кәсіпорындардағы инновациялардың әлемдік және ұлттық, өңірлік экономикалық дамудағы маңыздылығы жайлы, кәсіпорындардағы қаржылық жетіспеушіліктер мен сыртқы қаржы көздеріне сұраныстың көлемі жайлы зерттеулер жүргізеді және шетелдік компаниялардағы (АҚШ  пен ЕО елдеріндегі) инновацияларға бөлінетін қаражаттарының шамалары мен қорларды құру қажеттіліктеріне талдаулар жасалынып, негізгі бағыттар анықталып, бірқатар ұсыныстар беріледі.

Мақалада отандық кәсіпорындардың инновациялық қызметтерін қаржыландырудың көлемі мен шамасы, кәсіпорындардың инновациялық белсенділігін арттырудың тиімділігі бағаланды,  кәсіпорындар қызметінің инновациялық белсенділігін арттыратын негізгі факторлар мен бағыттар анықталды.

Инновациялық қызметтер көрсету бойынша кәсіпорындардың белсенділігінің көрсеткіштерін салыстырмалы талдаулар жасалды.

Елімізде инновациялық процестерді қамтамасыз етудің ұзақ мерзімді инвестициялық стратегиясы және Қазақстан экономикасының ерекшеліктеріне сәйкес және шетелдік тәжірибені қолдана отырып инновацияны қаржыландырудың ұлттық жүйесі құрылуы мүмкін.

Түйін сөздер: кәсіпорындар, инновациялық қаржыландыру, венчурлық қорлар, трансұлттық компаниялар, инвесторлар табу, кредиттеу, сыртқы қаржы көздері, инновациялық белсенділік.

Жүктелулер

Как цитировать

Taibek, Z. K., Kairanbekov, G., Kalbayeva, N. T., & Zhakipbekova, D. (2022). Инновациялық белсенділіктің кәсіпорынның қаржы көрсеткіштерін жоғарылату әдісі ретіндегі ролін бағалау (тоқыма өнеркәсібі кәсіпорындары мысалында). ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 142(4), 92–103. https://doi.org/10.26577/be.2022.v142.i4.08