Тұрақты даму жағдайындағы инфрақұрылым жобаларын қаржыландыру: теориядан практикаға

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2022.v140.i2.012
        160 178

Аннотация

Әлемдік экономиканың дағдарыстан кейінгі қалпына келуі кезеңінде дамыған және дамып келе жатқан қаржы жүйесі бар көптеген елдер экономикалық өсу қарқынының баяулауы және әлеуметтік және экологиялық жағдайлардың нашарлауы проблемаларына тап болды. Әлемдік қаржы жүйесіне жаңа серпін беруге қабілетті негізгі фактор инфрақұрылымды дамытуға ауқымды инвестициялар қазіргі заманғы технологиялық дамудың ажырамас материалдық базасы ретінде жиі қарастырылуда. Дағдарысқа қарсы нео-кейнстік шаралар тұрғысынан инфрақұрылымдық объектілерді қаржыландыру әлеуметтік проблемаларды шешуге және экономиканың басқа секторларына мультипликациялық әсерді қамтамасыз етуге арналған. Сонымен қатар, Қазақстан сияқты ел үшін моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген инфрақұрылымдық желілерді сапалы жаңғыртуға, сондай-ақ өзінің транзиттік әлеуетін іске асыруға мүмкіндік пайда болады.. McKinsey Global Institute деректері бойынша 2030 жылға дейінгі кезеңде әлемдік экономиканың инфрақұрылымдық инвестицияларды қаржыландырудағы қажеттілігі $57 триллион долларды құрауы тиіс. Ал ЭЫДҰ деректеріне сәйкес, инфрақұрылымдық инвестицияларды қаржыландырудың жыл сайынғы тапшылығы шамамен 1 трлн. АҚШ доллары. Мақалада Қазақстанның ұлттық экономикасының пандемиядан кейінгі дамуын қамтамасыз ету үшін инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру проблемаларына теориялық және практикалық тәсілдер жинақталған. Түйін сөздер: инфрақұрылымдық жобалар, қаржыландыру, инвестициялар, тұрақты даму.

Жүктелулер

Как цитировать

Sagiyeva R. К., & Oteshova D. Е. (2022). Тұрақты даму жағдайындағы инфрақұрылым жобаларын қаржыландыру: теориядан практикаға. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 140(2), 121–130. https://doi.org/10.26577/be.2022.v140.i2.012