Қазақстандағы пандемия кезеңіндегі шағын бизнес қызметінің нәтижелерін кешенді экономикалық бағалау

Авторлар

  • О. K. Denissova Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0001-7899-500X
  • S. N. Suieubayeva Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0002-0290-6290
  • Y. A. Samussenko Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Өскемен қ., Қазақстан http://orcid.org/0000-0002-1384-2632

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2022.v142.i4.03
        110 97

Аннотация

Бұл зерттеуде Қазақстан Республикасындағы шағын бизнес қызметінің рөлі мен нәтижелеріне экономикалық бағалау жүргізілген. Пандемия кезеңінде шағын бизнес кәсіпорындары қызметінің тиімділік көрсеткіштерінің төмендеуінің негізгі себептерін анықтауға математикалық негізделген әдістерді қолдану макроэкономикалық талдаудың өзекті бағыттарының бірі бола тұрып, ұлттық экономиканың жалпы дамуы туралы алынатын ақпараттың жоғары сапасын қамтамасыз етеді. Аталған зерттеудің мақсаты – экономикалық талдау әдістерінің көмегімен Қазақстанның шағын бизнесі қызметінің нәтижелеріне кешенді бағалау жүргізу және бұрын қол жеткізілген көрсеткіштерді пандемияның бірінші жартысы кезеңіндегі көрсеткіштермен салыстыру арқылы дағдарыс кезеңдеріндегі оның тұрақтылық дәрежесін бағалау, сондай-ақ Қазақстанда шағын бизнестің қандай жолмен дамып жатқанына баға беру: ресурстарды өсіру арқылы немесе ресурстың бір бірлігін пайдаланудан келетін қайтарымды арттыру арқылы. Жұмыста экономикалық талдаудың салыстыру және нақтылау сынды дәстүрлі әдістері мен факторлық талдаудың дәстүрлі және детерменистік әдістері қолданылды. Статистикалық мәліметтер негізінде орташа шамаларды, салыстырмалы шамаларды, ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштерін, шағын бизнес қызметінің зерттелетін қорытынды көрсеткіштеріне факторлардың абсолютті әсерін есептеу арқылы талдау жүргізілді. Деректер көзі ретінде Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі Ұлттық статистика бюросының «Талдау» Ақпараттық талдау жүйесінің қайталама деректері болды. Қазақстанның шағын бизнес субъектілерінің даму үдерістерін зерделеу пандемия кезеңінде экономикадағы жұмыс істеп тұрған субъектілердің жалпы санынан шағын субъектілер санының үлес салмағы, сондай-ақ онда жұмыспен қамтылғандардың үлесі төмендемегенін анықтауға мүмкіндік берді; пандемияға қарамастан, шағын бизнес тұтастай алғанда Қазақстандағы жұмыссыздықтың төмендеуіне ықпал етуді жалғастырды; негізгі және айналым капиталын пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері төмендеді; алайда, пандемияға дейінгі кезеңде олардың өсуінің тұрақты динамикасы байқалмады; рентабельділік көрсеткіштері төмендей беруде, қаржылық тұрақтылықтың кейбір көрсеткіштері бойынша шағын бизнес одан да күшейе түсті, бірақ тұтастай алғанда оның дамуы негізінен ресурстың бір бірлігін пайдаланудан табыстылығын арттыру емес, ресурстарды ұлғайту арқылы жүреді. Шағын бизнес үшін пандемия қиын сынақ болды, бірақ оны нығайту мен тұрақтылықтың қайнар көзі болды.

Тірек сөздер: шағын бизнес, ұлттық экономика, жұмыссыздық деңгейі, негізгі құралдар, айналым капиталы, рентабельділік көрсеткіштері, қаржылық тұрақтылық.

Жүктелулер

Как цитировать

Denissova О. K., Suieubayeva, S. N., & Samussenko, Y. A. (2022). Қазақстандағы пандемия кезеңіндегі шағын бизнес қызметінің нәтижелерін кешенді экономикалық бағалау. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 142(4), 29–44. https://doi.org/10.26577/be.2022.v142.i4.03