Google analytics арқылы деректерді визуализациялауды және маркетингтік атрибуцияны зерттеу

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2022.v142.i4.01
        188 222

Аннотация

Конверсия жасауға қолданушылық жолдарды қалыптастыру, тұтынушы мен бренд арасында жанасу нүктелерін орнату, иірім және оларды бағалау маркетингтің өзекті мәселелері болып табылады. Сонымен қатар, маңызды мәселе болып табылатыны, технологияның тез таралуына қарамастан, кәсіпорындардың маркетингтік қызметін талдауға арналған жалпы қолданысқа сай бекітілген нұсқаулықтар жоқ. Бұл зерттеудің негізгі мақсаты - үлкен деректермен жұмыс істеуде талдау құралдарын пайдалану, сондай-ақ хабарландыру көрсетілген сәттен бастап түпкілікті өнімдегі мақсатты аяқтағанға дейін, яғни пайдаланушының әрекетін қадағалауды жүзеге асыруды бағалау мүмкіндігі. Мақалада ең жетілдірілген аналитикалық жүйелердің бірі - Google Analytics талқыланады, бұл құрал, сонымен қатар компанияларға негізгі талдау жүргізуге мүмкіндік беретін, түпкілікті аналитика ретінде белгілі. Осы құралдың негізінде мақалада электрондық коммерция саласында жұмыс істейтін «Avtobys» қосымшасында Google Analytics енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қосымшаларға арналған аналитикалық жүйені енгізу бойынша бірыңғай ұсыныстар әзірленді. Қосымшалардың тиімділігінің критерийлері анықталған. Бұл зерттеуде біз арналардың, хабарламалардың және сату шұңқырының кезеңдерінің тиімділігі мен рентабельділігін анықтауға аналитикалық тәсілді қолданамыз.   Зерттеу веб-сайтта немесе қолданбада болып жатқан негізгі оқиғаларды бақылауға мүмкіндік беретін және оларды түсіру және талдау мүмкіндігі бар Google Analytics жүйесін пайдаланады. Қосымшадағы пайдаланушылардың әрекеттерінің үлгісі модельденді.

Кілт сөздер: Google Analytics, пайдаланушының мінез-құлқы, атрибуциялық маркетинг, түпкілікті аналитика, иірім, пайдаланушының әрекеті.

Автордың биографиясы

S. S. Aubakirov, Халықаралық бизнес университеті, Алматы қ., Қазақстан,

Аубакиров С.С., Ph.D, Доцент кафедры Бизнес-Информатики в UIB.

Жүктелулер

Как цитировать

Khegay, E. L., Aubakirov, S. S., & Essimzhanova, S. R. (2022). Google analytics арқылы деректерді визуализациялауды және маркетингтік атрибуцияны зерттеу. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 142(4), 3–15. https://doi.org/10.26577/be.2022.v142.i4.01