Шағын және орта медициналық кәсіпкерліктің пандемия кезеңіндегі проблемалары және даму жолдары: халықаралық тәжірибе
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2021.v138.i4.12Аннотация
Бұл мақалада COVID-19 пандемиясы жағдайындағы орта және шағын бизнестің жай-күйіне
шолу қарастырылған.
2020 жылдың ақпан айының соңында, Еуропа елдері бұғаттаудың әр түрлі нысандарын
енгізер алдында, The Lancet карантиннің психологиялық әсерін растайтын 24 зерттеуге шолу
жариялады
(«жұқпалы ауруға шалдығуы мүмкін адамдардың қозғалысын шектеу»). Зерттеулер
бүкіл әлем бойынша миллиондаған кәсіпорында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.
Біздің елде жеке медициналық ұйымдар, шағын және орта бизнес ретінде, денсаулық сақтау
жүйесіне жататынына қарамастан, қызметі карантинмен шектелген экономикалық ұйымдардың
қатарына
жатады. Денсаулық сақтау жүйесіндегі шағын және орта бизнес субъектілерінің
қызметіне
шолу (қызметкерлердің саны 250 адамға дейін) COVID-19 пандемиясы жағдайында
жүргізілді.
Жұқпалы аурулар мен уақытша ауруханалар төтенше жағдайда және медициналық көмектің
кепілдік берілген көлемі шеңберінде өз жұмысын қамтамасыз еткендіктен, жеке клиникалар
тартылмады. Кейбір клиникалар коронавирусты диагностикалау үшін ақылы қызметтер көрсетті
(ПТР зерттеулері, өкпенің компьютерлік томографиясы, өкпенің рентгенографиясы) және
халықтың аз бөлігіне медициналық қызметтер көрсетті. Осыған байланысты бұл ұйымдардың
қызметі тоқтатылды немесе кейбір қызмет түрлері қысқартылды, ал жұмыс бөлігі – медицина
қызметкерлері жұмыс беруші шығындарды өтей алмайтын осал бөлігіне айналды. Осыған
байланысты жұмыс берушілер де, қызметкерлер де зардап шегеді.
Түйін сөздер: COVID-19, шағын және орта бизнес, тәуекелдер, цифрлық трансформация
және тұрақтылық.