Жүйелік маңызы бар банктер: Қазақстандағы реттеу тәсілдері және сәйкестендіру критерийлері
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2022.v140.i2.01Аннотация
Соңғы онжылдықтарда біз барлық жерде ірі банктер көлемінің өсуін, олардың шоғырлануының күшеюін және ұлттық экономикаларды дамытудағы рөлінің артуын байқаймыз. Ірі банктер Ұлттық банк жүйелерінің де, тұтастай алғанда әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды факторына айналуда. Осыған байланысты, маңызды міндеттердің бірі ретінде "жүйелік маңызы бар банктер" деп аталатын сәйкестендірудің тиімді қағидаттары мен ашық критерийлерін айқындауы, банк қызметін сараланған реттеу тәжірибесіне көшуі табылады.
Мақаланың мақсаты болып - ТМД елдерінің Аймақтық кеңестік тобына кіретін елдердің жүйелік маңызы бар банктерін сәйкестендірудегі айырмашылықтарын анықтау, коммерциялық банктердің қызметін сараланған реттеудің алғашқы тәжірибесін сыни талдау және жалпылау.
Мақалада қойылған міндеттерді іске асыру үшін шетелдік және отандық зерттеушілердің еңбектері, халықаралық ұйымдардың ережелері мен есептері, Ұлттық банкпен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің есептері зерделенді. Зерттеу барысында жалпылау, логикалық және статистикалық талдау, сонымен қатар салыстыру әдістері қолданылды. Жүйелік маңызы бар банктердің ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қорытындылар жасалды және ұсынымдар ұсынылды.