Шағын және орта кәсіпорындардың инновациялық қызметін басқарудағы шетелдік тәжірибе
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2021.v138.i4.13Аннотация
Бұл мақалада шағын және орта кәсіпорындардың инновациялық қызметін басқарудағы
шетелдік тәжірибесі қарастырылған. Талдау барысында көрсетілгендей, белгілі бір кемшіліктерге
қарамастан, шетелдік тәжірибеде, шағын және орта кәсіпорындар қызметі экономиканың
инновациялық дамудың көзі ретінде қарастырылады. Инновациялық экономикасы бар елдердің
тәжірибесін зерделеу Қазақстан экономикасын жаңартудың маңызды процестерін анықтауға
және оның әлемдік қоғамдастыққа нық басуын көздейді.
Мемлекеттік деңгей мынадай көптеген элементтерден тұратын инновацияларды басқарудың
ұлттық жүйесін білдіреді: нормативтік-құқықтық, қаржы-экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік
және т. б. ШОК-ның инновациялық қызметін басқаруды іске асыруда мемлекеттің міндеті
мемлекеттік реттеу мен еркін кәсіпкерлік бастаманың арасындағы икемді теңгерімді сақтау
болып табылады. Басқаша айтқанда, инновациялар нарығын дамыту үшін тиімді, нарықтық
және бәсекелі жағдайларды қамтамасыз етуде, яғни бұл ретте мемлекеттік реттеудің қажетті
функциялары жүзеге асырылады. Бұл нарықтың өзгеруіне сезімтал динамикалық процесс
болуы тиіс. Бұл бюджеттік, гранттық, жобалық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруда,
инновациялық өнімге мемлекеттік тапсырыс шеңберінде инновациялық технологияларды
мемлекеттік ынталандыруда және қызметі ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық
жұмысқа (ҒЗТКЖ) және инновацияларға бағытталған ШОК-лары үшін салық жеңілдіктерін
беруде көрінеді.
Кәсіпкерлік деңгейде ШОК-ның қызметін басқарудың қолданыстағы дәстүрлі әкімшілік
әдістері жеткілікті болмайды, өйткені мұнда зияткерлік, сондай-ақ білім анықтайтын ресурстар
болады. ШОК-ның бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында инновациялар жасауда адамның
зияткерлік қабілеттерін пайдалану инновациялық қызметтің негізгі функциясы болып табылады.
Мұндай ресурсты басқару үшін, ең алдымен, инновациялық шағын және орта бизнес субъектілері
өз қызметін жүзеге асыратын инновациялық орта құру қажет.
Түйін сөздер: шетелдік тәжірибе, инновациялық қызметті басқару, шағын және орта
кәсіпорындар, мемлекеттік қолдау, инновациялық кәсіпорындар.