Пандемия жағдайында білім мен жоғары технологиялар экономикасына көшу: Ресей тәжірибесі
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2021.v136.i2.09Аннотация
Білім және жоғары технологиялар экономикасы елдердің инновациялық дамуының басым
бағыттарының біріне айналды. Осындай бағдар Ресей үкіметінің алдына да қойылды. Алайда,
жаһандық сын-қатерлер оны жүзеге асыру мәселесіне кедергі келтірді. Мақаланың мақсаты –
статистикалық талдау негізінде Ресейдің ғылыми саласының жағдайын бағалау, оның дамуының
перспективалық бағыттарын айқындау. Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырымдық
жұмыстар саласының дамуын талдау бірқатар проблемаларды анықтауға мүмкіндік берді:
саланың елдің жалпы ішкі өніміндегі үлесінің төмендігі, мамандардың шетелге кетуі, бизнестің
ғылыми әзірлемелерге қосылуының жеткіліксіз деңгейі және соның салдарынан ғылыми
әзірлемелерді коммерцияландырудың төмен деңгейі. Сонымен бірге, 2019 жылғы пандемия
Ресей ғылымының дамуына серпін берді. Пандемия жағдайында Ресей диагностика және оған
қарсы күрес бойынша әлемдік аренада берік ұстанымға ие бола алады, сонымен қатар қазіргі
ғылымның негізгі салаларында әлемдік қоғамдастыққа басқа да перспективалы шикізаттық емес
тауарлар мен қызметтерді жеткізе алады. Бұл бағыттар ғылыми халықаралық консорциумдар
құру және ресейлік кәсіпорындардың әлемдік аренаға шығуы үшін берік негіз бола алады, яғни
білім мен жаңа технологиялар экономикасына көшу процесін жеделдете алады.
Түйін сөздер: білім және жаңа технологиялар экономикасы, ғылым саласының жай-күйі, даму
бағыттары, пандемия.