Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру мен дамыту сұрақтары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2021.v136.i2.07
        127 128

Аннотация

Мақалада Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру
мен дамыту мәселелерінің тұжырымдамалық аспектілері көрініс тапқан. Шетел ғалымдары
еңбектерінің және Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының инновациялық жүйелер
тұжырымдамасын әзірлеу жобасы аясында негізгі басылымдардың контент-талдауының
нәтижесінде «ұлттық инновациялық жүйе» (ҰИЖ) түсінігінің авторлық түсіндірмесі ұсынылған
және жүйенің негізгі құрамдас бөліктері айқындалды, ретроспективадағы және қазіргі
жағдайдағы инновациялық жүйенің мәні қарастырылды. Индустриялық-инновациялық даму
мәселелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жүйесінің шеңберіндегі қабылданған стратегиялық
және бағдарламалық құжаттарға инновациялық әлеуетті дамытуға бағытталған жүйелі және
кешенді шаралар кешенін қамту тұрғысынан баға берілді. ҰИЖ-нің тиімді жұмыс істеуіне теріс
әсерін тигізетін және бәсекеге қабілеттілік пен инновациялық әлеуетті бағалаудың халықаралық
рейтингтерінде Қазақстанның салыстырмалы төмен деңгейде орналасуының салдары болып
табылатын, жүргізіліп жатқан инновациялық саясаттың әлсіз жақтары анықталды. Қазақстанның
ғылымды қажет ететін және инновациялық экономикасын дамыту үшін негізгі алғышарттар
айқындалды. ҰИЖ жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін қажетті құрамдас бөліктерді
(тұтынушылар сегменттері, құнды ұсыныстар, жылжыту арналары, қатысушылардың өзара
қарым-қатынастары, кірістер ағындары, түйінді ресурстар, түйінді әрекеттер, түйінді серіктестер
және шығындар құрылымы) қамтитын Қазақстанның инновациялық экожүйесінің «Канвас» моделі
әзірленді.
Түйін сөздер: ұлттық инновациялық жүйе, білімді экономика, инновациялық инфрақұрылым,
мемлекеттік саясат.

Жүктелулер

Как цитировать

Baksultanov, D., Kurmanov, N., & Syrlybayeva, N. (2021). Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру мен дамыту сұрақтары. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 136(2), 60–71. https://doi.org/10.26577/be.2021.v136.i2.07