Жаңа қаржылық технологиялар: XXI ғасырдың жаңа мүмкіндіктері мен жаңа сын-қатері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be.2021.v138.i4.04
        126 23

Аннотация

Қаржылық технологиялар немесе «Финтех» – бұл қаржылық қызметтер нарығында банктер
мен делдалдар ұсынатын классикалық экономикалық ұйымдармен бәсекелестік жасау үшін
технологиялар мен инновацияларды құратын немесе/және қолданатын фирмалардан тұратын
сала.
Финтех қаржы ортасында жаңа ыңғайлы шешімдерді ұсыну үшін құрылған. Бір жағынан, бұл
инновациялар жұмыс істейді және жасаушыларға жоғары пайда әкеледі. Финтех инвесторлар
үшін әсіресе қазіргі жағдайда (мысалы, ақша аударымдары) онша тартымды емес дамымаған
нарықтарда қызметті қайта бастауға мүмкіндік береді.
Екінші жағынан, мұндай драйв қаржы нарықтарында инновацияларды құруға ынталандырады.
Осы модельдерге негізделген ұйымдар бүгінде ең жаңа технологиялардың алдыңғы қатарында.
Осы мақаланың мақсаты жаңа тұжырымдаманың мәнін ашу және Қазақстанда және шет елдерде
жаңа қаржылық технологиялардың алдында тұрған жаңа үрдістер мен сын-тегеуріндерді анықтау
болып табылады.
Мақалада қаржылық технологиялар ұғымдары және олардың экономиканың дамуына
әсері қарастырылады, банктік сектор мысалында Қазақстандағы қаржылық технологиялардың
даму көрсеткіштері талданады. Мақалада осы зерттеу саласындағы тиісті жұмыстарды талдау
негізінде Финтех процесінің теориялық және әдіснамалық негіздері зерттеледі. Жұмыста қазіргі
әдебиеттің мерзімді басылымдары, журналдар мен интернет-ресурстар пайдаланылды.

Жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы концептуалды аппаратты және
зерттеу барысында алынған нәтижелерді әртүрлі мекемелердің қызметінде олардың қызметін
жақсарту шараларын әзірлеу үшін пайдалану мүмкіндігін кеңінен ашудан тұрады.
Түйін сөздер: қаржылық технологиялар, жаңа сын-қатері, сандық технологиялар, мобильді
әмияндар, P2P.

Жүктелулер

Как цитировать

Nurgazina, A., Doszhan, R., & Sabidullina, A. (2021). Жаңа қаржылық технологиялар: XXI ғасырдың жаңа мүмкіндіктері мен жаңа сын-қатері. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 138(4), 33–46. https://doi.org/10.26577/be.2021.v138.i4.04