ҚР-дағы индустриялық-инновациялық экономика жағдайындағы адами ресурстардың қазіргі жай-күйі
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2022.v139.i1.09Аннотация
Инновациялық экономика көбінесе өндірістік қатынастардан бас тарту және материалдық
емес өндіріс мүмкіндіктерінің сандық жағдайын жақсарту бөлігі ретінде қабылданады. Сонымен
қатар, біліктілігі жоғары кәсіби адамдарды тарту мүмкіндіктері мен анықталатын өндірістің
капитал сыйымдылығын арттыру өзекті болып отыр. Сол себепті, автор жүргізілген зерттеудің
өзектілігін адами ресурстарының сапасын болжау негізінде экономиканы жобалау мүмкіндігі
туралы мүмкіндігінше дәл айту арқылы анықтайды.
Зерттеудің жаңалығы пост кеңестік тарихта алғаш рет жұмыста инновациялық экономиканың
құрылымында оның зияткерлік сыйымдылығын арттыру арқылы экономикалық даму драйверлерін
яғни, сапалы бөлуді қалыптастыру аспектілері қарастырылатындығында болып табылады.
Алайда, автор бұл мақалада, Қазақстан үшін инвестициялық тартымдылықты арттыру және
әлемдік экономикалық жүйеге интеграцияға барынша бейімделу мақсатында көмектесетінін
айқындап зерттеді. Автор мақалада, Халықаралық экономикалық алмасудың қатысушылары
болып табылатын негізгі әлемдік елдердің бөлігінде атап айтсақ экономикалық ортадағы адами
ресурстарды есептеудің әдістемелік негіздерін жасауда көздеді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы болып бәсекеге қабілеттілікті арттыру және халықаралық
адами ресурстар саласын қалыптастыру тәсілі ретінде яғни Қазақстан экономикасындағы
жекелеген инновациялық салалардың қалыптасу қажеттілігі мен мүмкіндігімен айқындалады.
Түйін сөздер: адами ресурстар, инновациялық экономика, Қазақстан, даму, даму шарттары.