Тұрмыстық техниканы сатып алу үдерісіндегі әйелдердің рөлі және Қазақстан үлгісі
DOI:
https://doi.org/10.26577/be.2021.v135.i1.04Аннотация
Бұл зерттеу жұмысының негізгі мақсаты тұрмыстық техниканы сатып алу үдерісіндегі
қазақстандық әйелдердің рөлін анықтау болып табылады. Біз сондай-ақ отбасы ішіндегі рөлдердің
бөлінісін де анықтауға тырыстық. Бұдан басқа, біз тұрмыстық техниканы сатып алу туралы
шешім қабылдау үдерісінде әйелдердің рөліне әсер ететін демографиялық және әлеуметтік-
экономикалық ерекшеліктерді де анықтауды мақсат еттік. Себебі Қазақстандағы жылдам
өзгеріп жатқан экономикалық жағдайлар мен шиеленіскен бәсекелестік орта кәсіпорындардан
табысты маркетинг үшін клиенттердің табиғаты мен мінез-құлқын мұқият талдауды талап
етуде. Сондықтан бұл зерттеу жұмысында Қазақстанның аймақтарында (Солтүстік, Оңтүстік,
Шығыс және Батыс) өмір сүретін әйелдердің тұрмыстық техниканы сатып алу үдерісіндегі
рөлі зерттеледі. Ол үшін Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс және Батыс Қазақстанда тұратын 396
қазақстандық әйелге сауалнама жүргізілді. Осылайша бастапқы деректер сауалнама шкаласын
пайдалану арқылы жиналды және деректерді талдау үшін, нәтижелерді бағалау үшін Кронбах
Альфа коэффициенті, Растаушы факторларды талдау (CFA) және Құрылымдық эквиваленттік
модель (SEM) әдістері пайдаланылды. Осы талдау нәтижелері бойынша зерттеу жұмысының
барлық үш гипотезасы да қабылданды. Ал кейінгі зерттеулерді модельге жаңа айнымалылар
қосу арқылы кеңейтуге болады.
Түйін сөздер: сатып алу, сатып алу процесі, сатып алу туралы шешім, шешім қабылдау
процесі, тұрмыстық техника, әйелдердің рөлі.