Журнал туралы

«ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы» журналының негізі 1992 жылы қаланды. Журналдың құрылтайшысы және басып шығарушысы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болып табылады. Журналдың жоғары оқу орны көрсетілген мұқабасы мен титулдық парақтары, шығыс деректері, ISSN, eISSN, редакциялық алқа құрамы, редакциялық саясаты, жарияланымдық этикасы және веб-сайты бар.

Журнал жылына 4 рет мерзімділікпен шығарылады.

Журнал мақалалары CrossRef ДБ-да тіркеледі және әр авторлық мақалаға дәйексөз, сілтеме және электрондық құжаттарға шығуды қамтамасыз ету үшін DOI – сандық сәйкестендіргіш объектісі міндетті түрде беріледі.

Журнал "Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы" АҚ (ҰМҒТСО) Қазақстандық дәйексөз базасында (ҚазДБ) индекстеледі.

Сонымен қатар, журнал  оқырмандар үшін ашық қолжетімділіктегі  Ғылыми электронды кітапханада elibrary.ru орналастырылған және "Ресейлік ғылыми дәйексөз алу индексі" (РҒДИ) талдамалық деректер базасына енгізілген.

Журнал Directory of Open Access Journals (DOAJ) мәліметтер базасына кіреді.

Журналдың редакциялық алқасының құрамына қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар кіреді.

Журнал авторлардың жарияланымдарының ақпараттық ашықтығы және қол жетімділігі саясатына сәйкес келеді, мақалалар журналдың сайтында үш тілде толық мәтінді қолжетімділікте орналастырылады.

Журналдың мақсаты мен міндеттері

Журналдың мақсаты – іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді дамытуға жәрдемдесу, қоғам дамуының экономика,  қаржылық, әлеуметтік-экономикалық және іскерлік аспектілері мен халықаралық экономикалық қатынастар саласындағы заманауи ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялау.

Журналдың міндеттері

- заманауи ғылыми көзқарастар мен әртүрлі көзқарастардың академиялық полемикасына негізделген жаңа көзқарастарды қалыптастыру;

- қазақстандық және шетелдік авторлардың ғылыми жұмыстарын, экономика мен іскерлік әкімшіліктің өзекті мәселелерін зерттеудегі ең жаңа ақпараттар мен озық тәжірибелерді жариялау, ұсыну және тарату;

- білімнің әртүрлі салаларында теориялық және тәжірибелік зерттеулердің дамуына ықпал ету;

- әлемнің барлық мүдделі оқырмандарына өзекті ғылыми зерттеулермен  және әзірлемелермен танысу мүмкіндігін беру;

- кәсіби қауымдастықты жаңа өзекті жарияланымдар мен зерттеу жобаларынан хабардар ету;

- қазақстандық және шетелдік ғалымдар арасында ғылыми коммуникациялар мен байланыстарды орнату және нығайту;

- кәсіби қауымдастыққа жас зерттеушілерді тарту.

Журналдың тақырыптық бағыттары

Журнал материалдары қоғам дамуының экономика, халықаралық қатынастар, қаржылық, әлеуметтік – экономикалық салаларындағы  мәселелердің кең ауқымын және іскерлік аспектілерін   қамтиды.

Мақалалар әлеуметтік-экономикалық ғылымдардың келесі бөлімдері бойынша жарияланады:

* Экономика, Экономикалық теория. Салалар экономикасы;

* Экономикалық ғылым әдіснамасы;

* Микроэкономика, макроэкономика және экономикалық өсу;

* Экономикалық талдау. Статистика.

* Әлеуметтік-экономикалық тарих;

* Әлеуметтану, әлеуметтік саясат;

* Демография және еңбек нарығы;

* Экономикалық және әлеуметтік зерттеу әдістері;

* Жаһандану жағдайындағы әлемдік экономика;

* Мемлекеттік және жергілікті басқару;

* Менеджмент. Инновациялар мен технологияларды басқару;

* Инвестициялар мен маркетингті басқару;

* Цифрландыру және медиакоммуникация;

* Маркетинг. Сауда саясаты;

* Нарықтар мен кеңістіктік құрылымдарды талдау;

* Логистика, жеткізілімдерді басқару жүйелері;

* Қаржы және басқару есебі: тәсілдер мен механизмдер;

* Бухгалтерлік есеп;

* Банктер, төлем жүйелері: реттеу, тәуекелдерді бағалау.

 

* Журналда жариялауға мақұлданған қолжазбаның авторлары vмақаланы жариялау үшін бекітілген төлем құжатына сәйкес басылым үшін ақы төлеуге міндетті. Бағалардың бекітілген құжатына сәйкес мақала жариялау үшін мақаланың әрбір бетіне 2000 теңгеден төленеді.  Ерекше жағдайларда, журнал сериясын қаржыландырудың басқа көздері болған жағдайда, авторлар мақаланы жариялағаны үшін төлемнен толық немесе ішінара босатылуы мүмкін.

Автор төлем жасағаннан кейін PDF форматында  төлем туралы түбіртекті журнал редакциясының электронды мекен-жайына жібереді.