Медициналық қызметтер нарығын сегменттеу қажеттілігі. Необходимость сегментирования рынка медицинских услуг
Кілт сөздер:
денсаулық сақтау, маркетинг, сегменттеу, медициналық ұйымдар, медициналық қызметтер, нарық, здравоохранение, медицинские организации, медицинские услуги, рынок, сегментирование,Аңдатпа
Медициналық ұйымдардың қызмет тиімділігін көтеру мақсатында қолданылатын маркетингтік құрал нарықтық сегменттеу болып табылады. Сегменттеу қандай медициналық қызметтерге сұраныс барын, көлемін, пациенттердің қандай тобы медициналық қызметтерге мұқтаж, бəсекелестермен салыстырғанда медициналық ұйымның артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтауға көмектеседі. Мақалада медициналық қызметтер нарығын сегменттеу негіздері ұсынылған, бұл сегменттеу негіздері ұйымға зерттеу жұмыстарын жалғастыруға, объективті критерийлер бойынша дəстүрлі медико статистикалық көрсеткіштерді қолданып, дəрігер мен науқас арасында маркетингтік қатынастардың экономикалық сипаттамасын салыстыра отырып, сегмент ішінде медициналық қызметтердің нақты түрлеріне сұранымды зерттеуге, сегмент көлемін, өсімін жəне тартымдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Нарық сегменті – бұл жалпы белгілері бар, емдеушілердің, едициналық қызметтердің немесе медициналық мекемелердің қандай да бір тобы, медициналық қызметтердің ерекше жекеленген бөлігі. Сегменттеудің объектілері болып емдеушілер, медициналық қызметтер жəне медициналық мекемелер табылады. Сегментирование рынка медицинских услуг как один из инструментов маркетинга имеет огромное практическое значение. Грамотное и последовательное его применение ориентирует медицинское учреждение на выбор стратегии наиболее выгодной в экономическом и социальном плане.Жүктеулер
Жарияланды
2015-04-10
Журналдың саны
Бөлім
ECONOMICS
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Медициналық қызметтер нарығын сегменттеу қажеттілігі. Необходимость сегментирования рынка медицинских услуг. (2015). Journal of Economic Research & Business Administration, 96(2), 28-33. https://be.kaznu.kz/index.php/math/article/view/318
