Жариялау этикасы

«ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы» ғылыми журналының редакциялық алқасының мүшелері өзінің кәсіби қызметінде «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми журналдарына арналған жариялау этикасының» қағидаттары мен нормаларын ұстанады. Жарияланым этикасы жөніндегі комитеттің (СОРЕ) сәйкес әзірленді.

Жарияланым этикасы редакторлардың, рецензенттер мен авторлардың этикалық мінез-құлқының нормаларын, қағидаттары мен стандарттарын, мүдделер қақтығысын, әдепке жат мінез-құлықты анықтау жөніндегі шараларды, мақаланы алып қою (ретракция), түзету және теріске шығару жөніндегі нұсқаулықтарды белгілейді.

Жариялау процесінің барлық қатысушылары, атап айтқанда, әрбір автор, ғылыми редактор, рецензент, жауапты хатшы, «ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы» ғылыми журналының редакциялық алқасының мүшелері міндетті түрде жариялау этикасының қағидаларын, нормалары мен стандарттарын ұстануға міндетті. Этикалық қағидаларды сақтау ғылыми журналдың сапасын қамтамасыз ету және сақтау үшін де, жариялау процесіне қатысушылар арасында сенімді және құрметпен қарау үшін де маңызды болып табылады.

Ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау, жалған авторлық, зерттеу нәтижелерін бұрмалау және фабрикациялау, дәйексіз жалған-ғылыми мәтіндерді жариялау, авторлардың рұқсатынсыз басқа басылымдарға мақалалардың қолжазбаларын беру, авторлардың материалдарын үшінші тұлғаларға беру үшін агенттік қызметтерге жүгіну жағдайында авторлардың, редакторлардың немесе баспагердің іс-әрекеттері әдепке жат мінез-құлық болып саналады, шарттар авторлық құқықтар мен редакциялық процестердің құпиялылық қағидаттары бұзылған кезде, дәйексөз, плагиат қолданылған жағдайда.

Авторлардың, редакторлардың немесе баспагердің келесіздей әрекеттері этикалық емес мінез-құлық болып саналады: өз мақалаларына өз бетінше рецензия, шарттық және жалған рецензия жасаған жағдайларда, жалған авторлық, зерттеу нәтижелерін бұрмалау және фабрикациялау, ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау үшін агенттік қызметтерге жүгіну жағдайында, дәйексөз жалған-ғылыми мәтіндерді жариялау, авторлардың рұқсатынсыз басқа басылымдарға мақалалардың қолжазбаларын беру, авторлардың материалдарын үшінші тұлғаларға беру, авторлық құқықтар мен редакциялық процестердің құпиялылық қағидаттары бұзылған кездегі шарттар, дәйексөз келтірумен, плагиатпен манипуляцияланған жағдайлар.

Редакциялық алқа мүшелерінің жариялау этикасының принциптері

«ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы» журналының редакциялық алқасының мүшелері журналдың дамуына, жетілуіне, журналдың халықаралық мәліметтер базасына жылжуына жауап береді, пікір бостандығы қағидаттарын ұстануы керек, авторлар мен журнал оқырмандарының ғылыми және кәсіби қажеттіліктерін қанағаттандыруы керек, автордың, рецензенттің және журнал баспагерінің коммерциялық мүдделерінің материалдарды жариялау туралы шешім қабылдауға әсер етуіне жол бермеуі тиіс, сонымен қатар ғылыми жарияланымдардың сапасын жақсарту үшін барлық шараларды қабылдауы тиіс, жариялау процесінің барлық кезеңдерінде ақпараттық-деректердің құпиялылығын қорғау.

Барлық авторлардың теңдігі. Редакциялық алқа мүшелері авторлар ұсынған материалдарды журналда жариялау туралы шешім қабылдауға жауапты. Редакциялық алқа мүшелері қолжазбаларды нәсіліне, жынысына, жыныстық бағдарына, діни сенімдеріне, этникалық шығу тегіне, азаматтығына, авторлардың саяси көзқарастарына немесе коммерциялық көзқарастарына қарамастан, олардың зияткерлік мазмұны бойынша бағалауы тиіс.

Қолжазбаны жариялау туралы шешім қабылдау. Редакцияға ұсынылған мақалалардың қайсысы жариялануы тиіс екендігі туралы шешімді рәсімдеу, плагиат талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері негізінде және ғылыми рецензиялау нәтижелері бойынша журнал редакциясы қабылдайды. Қолжазбаны жариялау туралы шешім қабылдау кезінде редакциялық алқа журнал саясатын және жарияланымдық этиканы басшылыққа алады, плагиат белгілері бар мақаланы жариялауға, ғылыми этика қағидаларын, стандарттары мен нормаларын бұзуға және авторлық құқықтарды бұзуға жол бермейді.

Редакциялық алқа мүшелері әдепсіз мінез-құлық, плагиат, өзіндік плагиат, авторлардың шамадан тыс өзіне-өзі дәйексөз қолдануы, мүдделер қақтығысы белгілері бар, белгілі мақалаларды жариялағаны үшін жауапты болады. Егер мақала жазу кезінде жарияланымдық және/немесе ғылыми этика қағидалары бұзылған жағдайда, журналдың ғылыми редакторы редакциялық алқаның шешімі негізінде жарияланымның ретракциясын жүргізуге тиіс. Мақалаларды автор (авторлар) немесе журналдың редакциясы кері қайтарып алуы мүмкін. Редакция СОРЕ ұсынымдарына сүйене отырып, жарияланымдық және/немесе ғылыми этиканы бұзған жағдайда жарияланған мақалаларды алып қоюды (ретракция) жүзеге асырады. Мақала келесі жағдайларда кері қайтарып алынады / алынады (ретрагирленеді):

- егер алынған деректердің сенімсіз екендігі немесе заңсыз әрекеттер нәтижесінде алынғаны туралы нақты дәлелдер болса, мысалы, деректерді бұрмалау;

- қолжазбаны «ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы» журналына жариялағанға дейін басқа басылымда жариялау фактісін анықтау;

- мақалада плагиатты анықтау, соның ішінде суреттер, графиктер, кестелер және т. б.

- мақалада басқа ғалымдарға және олардың зерттеулеріне теріс әсер етуі мүмкін өрескел қателіктердің болуы, мысалы, есептеу немесе эксперимент қатесі;

- үшінші тұлға тарапынан мақалаға немесе оның жекелеген бөліктеріне авторлық құқық туралы шағымдардың пайда болуы;

- мақалада жарияланымдық және/немесе ғылыми этика қағидаларына, стандарттары мен нормаларына қайшы келетін ақпараттың болуы.

Осындай жоғарыда көрсетілген жағдайларда журналдың редакциялық алқасы тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша мақала жарияланымнан кері қайтарып алынуы/алынуы (ретрагациялануы) мүмкін. Ол үшін мақаланы ғылыми редактор растап, қол қоятын басылымнан кері тарту туралы акт жасалады. Мақаланың хат-хабары үшін авторға актінің көшірмесі жіберіледі.

Осыдан кейін журнал сайтында мақала көрсетілген себептерімен ретрагирленген деп белгіленеді. Редакция мақаланы алып қою (ретракция) туралы ақпаратты журнал сайтының басты бетінде жариялайды және мақаланы алып қою (ретракция) рәсімі жүргізілгеннен кейін ақпаратты журналдың кейінгі санына орналастырады.

«ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы» журналының редакциясы жарияланған басылымдарда анықталған бұзушылықтар туралы барлық негізделген өтініштерді жауапкершілікпен, объективті және мұқият қарастырады.

Авторлар мен рецензенттердің материалды жариялағаннан кейін жіберілген қателер мен бұзушылықтар туралы редакцияға барынша жедел хабарлауын редакция олардың жауапкершілігі мен міндеті деп санайды.

Құпиялылық принципі. Қолжазбаны қарау кезеңінде (ол жарияланғанға дейін) редакторлар мен редакциялық алқа мүшелері ол туралы ақпаратты авторлардан, тағайындалған рецензенттерден және баспагерлерден басқа ешкімге хабарламауы тиіс. Қарау үшін алынған кез-келген қолжазба құпия материал ретінде қаралуы тиіс. Қолжазбалар ғылыми редактордың рұқсатынсыз үшінші тұлғаларға көрсетілмеуі және олармен талқыланбауы тиіс.

Редакциялық алқа мүшелері, қабылданбаған қолжазбалар авторлардың жазбаша келісімінсіз редакциялық алқа мүшелерінің жеке зерттеулерінде пайдаланылмайтынына кепілдік береді.

Этикалық емес мінез-құлық туралы шағымдарды қарау. «ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы» журналында жарияланған қолжазба авторының әдепке жат қылықтарға жасалған әрбір шағымды және мақалаларды оның түсу уақытына қарамастан редколлегия мүшелері жеке-жеке қарастыруы тиіс. Редакциялық алқа мүшелері осындай наразылықтарға қатысты объективті және барабар шаралар қабылдауға тиіс. Талап-арыздың дәлелдері расталған жағдайда, редакциялық алқа мүшелері қолжазбаны жариялаудан бас тартуға және хат-хабар алмасу үшін автормен одан әрі ынтымақтастықты тоқтатуға, тиісті теріске шығаруды жариялауға, сондай-ақ автордың (лардың) этикалық емес мінез-құлқының одан әрі жолын кесу үшін өзге де шараларды қабылдауға құқылы.

Редакциялық алқа, олардың лауазымдық міндеттері мен жауапкершілігі

 «ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы» журналының ғылыми редакторының, жауапты хатшы мен редколлегия мүшелерінің қызметтік міндеттері мен жауапкершіліктері тиісті бекітілген лауазымдық нұсқаулықтарда көрсетілген.

Автордың жариялау этикасының принциптері

Жарияланымның бір мәртелігі. Автор (лар) редакцияға ұсынылған мақала қолжазбасын басқа басылымдарға қарау үшін ұсынылмағанына кепілдік береді. Қолжазбаны бір уақытта бірнеше журналдарда/баспаларда ұсынуға болмайды және жарияланым этикасының қағидаттарын, стандарттары мен нормаларын өрескел бұзу болып табылады.

Қолжазбаның авторлығы. Қолжазбаны дайындауға ең көп зияткерлік үлес қосқан адам (екі немесе одан да көп бірлескен авторлармен) авторлар тізімінде бірінші болып көрсетіледі. Әрбір мақала үшін мақаланың соңғы нұсқасын дайындауға, редакциялық алқамен байланысқа жауап беретін хат-хабарға автор тағайындалуы тиіс, оған жеткілікті үлес қосқан зерттеудің барлық қатысушыларының (авторлар саны біреуден көп болса) авторлардың спикерлеріне қосылуын қамтамасыз етуі, сондай-ақ жариялау үшін редакцияға ұсыну үшін барлық авторлардан қолжазбаның соңғы нұсқасының мақұлдауын алуы тиіс. Қолжазбада / мақалада көрсетілген барлық авторлар жұмыстың мазмұнына жауапты болады.

Түпнұсқалық принципі. Автор (-лар) қолжазбада жазылған зерттеу нәтижелері түпнұсқа өзіндік жұмыс болып табылатындығына және плагиатқа тексеру жүйесі арқылы қолжазбаны тексеру процесінде анықталуы мүмкін қате шеттен алып қосулар мен плагиаттарды қамтымайтындығына кепілдік береді.

Авторлар этикалық емес мінез-құлық, плагиат, өзіндік  плагиат, өзіне-өзі дәйексөз қолдану, фальсификация, фабрикация, деректерді бұрмалау, жалған авторлық, қайталану, мүдделер қақтығысы және алдау белгілері бар мақалаларды жариялауға ұсынғандығы үшін жауапқа тартылады.

Әдеби көздерді растау принципі. Автор(лар) зерттеу барысында өзі пайдаланған ғылыми және өзге де дереккөздерді дұрыс көрсетуге міндеттенеді. Бөтен жұмыстардың қандай да бір бөліктері пайдаланылған және / немесе басқа автордың (лардың) пікірлері алынған жағдайда қолжазбада түпнұсқаның авторы (лары) көрсетілген библиографиялық сілтемелерді көрсетуі тиіс. Күмәнді көздерден алынған ақпарат қолжазбаны рәсімдеу кезінде пайдаланылмауға тиіс.

Егер рецензенттерде, ғылыми редакторларда, журналдың редколлегия мүшелерінде (мүшелерінде) зерттеу нәтижелерінің шынайылығы мен дұрыстығына күмән туындаған жағдайда, автор(лар) қолжазбада келтірілген нәтижелерді немесе фактілерді растау үшін қосымша материалдарды ұсынуы тиіс.

Егер зерттеуге адамдар тартылса (сұхбат, сауалнама және т.б.), авторлар өз ұйымында осындай зерттеулерді жүргізуге Этикалық рұқсат алуы керек, оған сәйкес қатысушылар мұндай іс-шараларға қатысуға келіуі және олардың анонимділігі қамтамасыз етілуі тиіс.
Сөйлесу, хат алмасу немесе үшінші тараптармен талқылау сияқты құпия түрде алынған деректерді дереккөздің тікелей жазбаша рұқсатынсыз пайдалануға немесе хабарлауға болмайды.

Жариялау процесінде қателерді түзету. Жариялау процесінің кез-келген сатысында жұмыста қателер мен дәлсіздіктер анықталған жағдайда, авторлар бұл туралы ғылыми редакторға жедел хабарлауға және тиісті түзету журналының (Erratum немесе Corrigendum) сайтында жариялау үшін қатені жоюға немесе түзетуге, түсініктемелермен бірге көмектесулері тиіс. Түзетуге болмайтын өрескел қателер анықталған жағдайда автор(лар) қолжазбаны/мақаланы кері қайтарып алуы тиіс.

Жариялау этикасын сақтау принципі. Авторлар сынмен немесе зерттеуге қатысты ескертулермен, сондай-ақ рецензиялау және жариялау бойынша редакциямен өзара іс-қимылға қатысты этикалық нормаларды сақтауға міндетті. Авторлардың этикалық қағидаларды сақтамауы Жарияланымдар этикасын өрескел бұзуы деп бағаланады және қолжазбаны рецензиялаудан және/немесе жариялаудан алуға негіз болады.

Рецензенттің жариялау этикасының қағидалары

Рецензиялаудың объективтілік принципі. «ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы» журналының рецензенті (-тері) қолжазбаға сараптамалық бағалауды объективті жүргізуге міндеттенеді. Қолжазба авторына қатысты жеке сынға жол берілмейді. Рецензент өз ескертулерін дәлелдеуі және қолжазбаны қабылдау немесе оны қабылдамау туралы өз шешімін негіздеуі тиіс.

Автордың (лардың) ұлты, дінге тиесілігі, саяси немесе өзге де көзқарастары рецензенттің (-тердің) қолжазбаны рецензиялау процесінде назарға алынбауға және ескерілмеуге тиіс.

Рецензенттің редакциялық шешімдерге қосқан үлесі. Рецензент(-тер) құрастырған сараптамалық бағалау редакцияның жарияланым туралы шешім қабылдауына ықпал етеді, сондай-ақ авторға (- ларға) қолжазбаны жақсартуға көмектеседі. Қолжазбаны жариялауға қабылдау, авторға жұмысты өзгертуге немесе пысықтауға қайтару немесе жарияланымнан бас тарту туралы шешімді рецензиялау нәтижелеріне сүйене отырып, редакция алқасы қабылдайды.

Уақытылы қарау принципі. Рецензент рецензияны редакция белгілеген мерзімде, бірақ қолжазбаны рецензиялауға алған сәттен бастап екі айдан кешіктірмей ұсынуға міндетті. Егер мақаланы қарау және рецензияны белгіленген мерзімде дайындау мүмкін болмаса, рецензент бұл туралы ғылыми редакторға дереу хабарлауы тиіс.

Рецензент ұсынылған қолжазбаны рецензиялау кезінде, өз біліктілігі сай келмейтін немесе шешім қабылдау үшін жеткіліксіз деп санаған жағдайда, бұл туралы ғылыми редакторға дереу хабарлап, қолжазбаны рецензиялаудан бас тартуы тиіс.

Рецензент тарапынан құпиялық қағидасы. Рецензентке рецензиялауға ұсынылған қолжазба құпия материал ретінде қарастырылуы керек. Рецензент журналдың ғылыми редакторының және/немесе автордың тарапынан жазбаша рұқсат алғаннан кейін ғана оны көрсетуге және/немесе басқа адамдармен талқылауға құқылы.

Рецензиялау және жариялау процесін қамтамасыз ету барысында алынған ғылыми жұмыстың ақпараты мен идеяларын рецензент(-тер) жеке  пайдасы үшін пайдаланбауы тиіс.

Әдеби көздерді растау принципі. Рецензент қарастырылып отырған қолжазбаның зерттеу нәтижелеріне әсер ететін, бірақ автор(-лар) келтірмеген ғылыми жұмыстарды көрсетуі тиіс. Сондай-ақ, рецензент ғылыми редактордың назарын қарастырылып отырған қолжазба мен бұрын жарияланған жұмыс арасындағы айтарлықтай ұқсастыққа немесе сәйкестікке аударуы керек.

Егер рецензенттің қолжазбада плагиат, шеттен алып пайдалану, жалған және ойдан шығарылған материалдар немесе дұрыс емес зерттеу нәтижелері бар деп пайымдауға жеткілікті негіздері болса, онда ол қолжазбаны жариялауға жібермеуге және журналдың ғылыми редакторына жарияланым және ғылыми этика қағидаттарының, стандарттары мен нормаларының анықталған бұзушылықтары туралы хабарлауға тиіс.

Мүдделер қақтығысы

Жарияланым этикасы жөніндегі комитеттің (СОРЕ) анықтамасы бойынша мүдделер қақтығысы-бұл авторлар, рецензенттер немесе редакциялық алқа мүшелері жарияланатын материалға қатысты олардың пайымдарына әсер ете алатын жасырын мүдделері бар жанжалды жағдайлар. Мүдделер қақтығысы рецензенттің және редколлегия мүшелерінің ғылыми пікіріне, нәтижесінде қолжазбаны жариялауға қатысты редколлегияның шешіміне әсер етуі мүмкін қаржылық, жеке немесе кәсіби жағдайлар болған кезде пайда болады.

Журналдың жауапты редакторы қолжазбаны жариялау процесінің барлық қатысушыларынан мүдделер қақтығысын ашуды талап етуі тиіс.

Ғылыми редактор, редакциялық алқа мүшесі және рецензенттер редакциялық алқаның шешіміне қандай да бір әсер етуі мүмкін ықтимал мүдделер қақтығысы туралы хабардар етуі тиіс. Редакциялық алқа мүшелері, егер олар қолжазба авторының (- ларының) зерттеу нәтижелерімен байланысты қандай да бір бәсекелестік қатынастарда болса не мүдделер қайшылығы өзге болса, қолжазбаны қараудан бас тартуға тиіс.

Қолжазбаны журналға қарауға берген кезде автор(-лар) қолжазбаның мазмұнында зерттеуді қаржыландырудың барлық көздері көрсетілгенін мәлімдейді; сондай-ақ қарауға берілген қолжазбаға қатысты мүдделер қақтығысын тудыруы мүмкін қандайда бір  коммерциялық, қаржылық, жеке немесе кәсіби факторлар бар екенін көрсетеді. Автор (лар) ілеспе хатта мүдделер қақтығысы болған жағдайда, олардың пікірінше, олардың қолжазбасын объективті бағалай алмайтын ғалымдарды көрсете алады.

Рецензент қолжазбаға қатысы бар авторлардың біреуімен бәсекелестіктен, ынтымақтастықтан немесе басқа да қатынастардан туындайтын мүдделер қақтығысына себеп болуы мүмкін қолжазбаларды қарамауы тиіс.

Қолжазбаның мазмұнымен мүдделер қақтығысы болған жағдайда жауапты редактор бұл туралы ғылыми редакторға хабарлауы тиіс, одан кейін ғылыми редактор қолжазбаны тексеруді және рецензиялауды басқа редакторға/рецензентке қайта тапсырады.

Қолжазбаны қарау және рецензиялау процесінде қатысушылар арасындағы мүдделер қақтығысының болуы қолжазба қабылданбайды дегенді білдірмейді.

Барлық мүдделі тұлғалар, мүмкіндігінше, жарияланымның барлық кезеңдерінде кез-келген вариацияда мүдделер қақтығысының туындауын болдырмауы керек. Мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда, осы қақтығысты анықтаған адам дереу редакцияға хабарлауы керек. Бұл жариялау және ғылыми этика қағидаларын, стандарттары мен нормаларын бұзудың кез-келген басқа жағдайларына қатысты болып табылады.