Авторларға арналған ақпарат

Авторлар болуы мүмкін:

- докторанттар, жетекшіcімен соавторлықта;

- ғылыми дәрежесі бар тұлғалар;

- ғылыми-педагогикалық қызметпен айналысатын тұлғалар.

Магистранттармен бірлескен авторлықтағы мақалалар жариялауға жіберілмейді.

Белгіленген тәртіппен оң қорытындылары бар қолжазбаны «ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы» журналында қабылдау кезегіне сәйкес жариялауға ұсынылады. Журналдың редакциялық алқасы, егер олар ғылыми қоғамдастық үшін қызығушылық тудырса және зерттелетін тақырып бойынша жаңа білімі болса, жаңадан келіп түскен қолжазбаларды кезексіз жариялауға қабылдауға құқылы.

ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясында материалдарды жариялау Open Journal System, онлайн жіберу және рецензиялау жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Корреспонденция авторы журналға жариялау үшін ілеспе хат ұсынуға міндетті.

Авторларға қойылатын талаптар:

  • Редакциялық коллегия журналдың ғылыми бағыттары бойынша бұрын жарияланбаған мақалаларды қабылдайды. Мақала журналдың функционал сайтына жүктеу арқылы ҒАНА (Open Journal System) электронды форматта (doc, .docx, .rtf форматында) қабылданады.
  • Шрифт кеглі – 12 (аңдатпа, түйін сөздер, әдебиеттер тізімі – 10, кесте мәтіні – 9-11), шрифт – Times New Roman, мәтін беттің ені бойынша тегістеу арқылы теріледі, аралығы – бір, абзац бойынша шегініс – 0,8 см, шеттері: үстіңгі және астыңғы – 2 см, сол және оң жақ – 2 см.
  • Сурет, кесте, графика, диаграмма және т.б. мәтін ішінде нөмір және атаумен белгіленеді (мысалы, 1-сурет – Сурет атауы) және және ескерту түрінде дереккөз көрсетіледі (мысалы, Ескерту - ... дереккөзі негізінде автормен құрастырылған). Суреттердің, таблица, графика мен диаграммалардың саны мақала көлемінің 20% -нан (кейбір жағдайда 30%) артық болмауы керек.
  • Мақала көлемі (атауы, авторлар бойынша ақпарат, аңдатпа, түйін сөздер, әдебиеттер тізімін қоспағанда) әлеуметтік және гуманитарлық бағытта 3 000 сөзден кем емес, 7 000 сөзден артық емес болуы шарт.
  • Авторлар жіберіліп отырған мақаланың/қолжазбаның бұрын соңды еш жерде жарияланбағаны, мақалада/қолжазбада басқа жұмыстардың мәтіндеріне сілтемесіз алынған кірме фрагменттердің жоқ екендігі туралы Open Journal System немесе Editorial Manager жүйесіндегі ілеспе хатта МІНДЕТТІ түрде жазу керек.
  • Мақаланы жариялау үшін ақы төлеу тәртібі мен құнын «Қазақ университеті» баспасы белгілейді және оны рецензенттер мен ғылыми редактор мақұлдағаннан кейін автор жасайды.

Мақала құрылымы (мақаланы рәсімдеу үшін ҮЛГІ-ні қолданыңыз):

Бірінші бет:

  • Бірінші жол – ҒТАХР нөмірі, мәтін беттің сол жақ шетімен тегістеледі, қаралау шрифт.
  • Мақала автор(лар)ы – аты-жөнінің бірінші әріптері және тегі, жұмыс істейтін орны (аффилиация), қала, мемлекет, e-mail, ORCID ID – орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде жазылады. Авторлар туралы ақпарат қалыпты шрифтті кіші әріптермен жазылып, беттің ортасында тегістеледі.
  • Мақала атауы (Тақырып) мақаланың мәні мен мазмұнын көрсетіп, оқырманның назарын аудару керек. Тақырып кысқа әрі ақпараттық, жаргондар мен аббревиатурасыз жазылуы тиіс. Тақырыптың орташа ұзындығы 5-7 сөз (кей жағдайда 10-12 сөз). Мақаланың тақырыбы орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде берілуі керек. Тақырып қаралау шрифтті кіші әріптермен, беттің ортасымен тегістеледі.
  • Аңдатпа көлемі – 150 сөзден кем емес, 300 сөзден артық емес орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде жазылады. Аңдатпа құрылымында келесі ақпарат МІНДЕТТІ түрде болуы керек:
    • Зерттеу тақырыбы бойынша кіріспе сөз;
    • Ғылыми зерттеудің мақсаты, негізгі бағыттары мен идеялары;
    • Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы бойынша қысқа ақпарат;
    • Зерттеу әдістемесі бойынша қысқа ақпарат;
    • Ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелері, талдау және тұжырымдама;
    • Жүргізілген зерттеу жұмысының маңыздылығы (аталған жұмыстың ғылымның сәйкес саласына енгізген үлесі);
    • Жұмыс қорытындысының практикалық маңыздылығы.
  • Түйін сөздер/сөз тіркестері – орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде 3-5 сөз аралығында.

 Келесі бет (жаңа бет):

  • Кіріспе келесіде берілген негізгі элементтерден тұрады:
    • Таңдалған тақырыптың негіздемесі; тақырып өзектілігі мен зерттеу проблемалары. Таңдалған тақырыптың негіздемесінде алдыңғы зерттеушілердің тәжірибелері негізінде проблемалық жағдайдың (зерттеу жұмыстарының жоқтығы, жаңа зерттеу нысанының пайда болғаны және т.б.). бар екендігі айтылады. Тақырыптың өзектілігі аталған зерттеу нысанының қойылған сұрақтарға толық жауаптардың болмаған жағдайда, тақырыптың теориялық және практикалық маңыздылығы арқылы дәлелденіп жалпыға ортақ мүдде арқылы анықталады.
    • Жұмыстың нысанын, пәнін, мақсаттарын, міндеттерін, тәсілдерін, әдістер, гипотезасын анықтау. Зерттеудің мақсаты тезисті дәлелдеумен, яғни зерттеу тақырыбын автор таңдаған аспектімен көрсетумен байланысты.
  • Әдебиеттерге шолу бөлімінде – зерттеу тақырыбы бойынша ағылшын тілінде шетелдік авторлардың іргелі және жаңа еңбектер (кемінде 15 жұмыс), оларды ғылыми үлесі тұрғысынан талдау, сондай-ақ сіздің мақалаңызда толықтырылған зерттеу кемшіліктері беріледі.
    • Жұмысқа қатысы жоқ көптеген сілтемелердің болуы немесе сіздің жетістіктеріңіз туралы, алдыңғы жұмыстарыңызды көрсететін сілтемелерді қосуға БОЛМАЙДЫ.
  • Әдістеме – материалдар мен жұмыс барысының сипаттамасынан, сондай-ақ қолданылатын әдістердің толық сипаттамасынан тұруы керек.
    • Зерттеу материалының сипаттамасы оның сапалық және сандық көрінісін қамтиды. Материалдың сипаттамасы - тұжырымдар мен зерттеу әдістерінің сенімділігін анықтайтын факторлардың бірі.
    • Бұл бөлімде проблеманың қалай зерттелгені сипатталады: бұрын жарияланған рәсімдеулерді қайталамай егжей-тегжейлер ақпарат беріледі; материалдар мен әдістерді қолдану кезінде міндетті түрде енгізілген жаңалықтар арқылы жабдықты сәйкестендіруді (бағдарламалық жасақтама) және материалдардың сипаттамасы қолданылады.

Ғылыми әдістеме келесілерден тұруы қажет:

- зерттеу сұрақтар(ы);

- алға қойлыға гипотеза (тезис);

- зерттеу кезеңдері;

- зерттеу әдістері.

  • Нәтижелер мен Талқылау бөлімінде сіздің зерттеу нәтижелеріңізді талдауы және талқылауы беріледі. Зерттеу барысында алынған нәтижелер туралы қорытынды беру арқылы негізгі мәні айқындалады. Бұл мақаланың маңызды бөлімдерінің бірі болып саналады. Онда жұмысыңыздың нәтижелерінің талдауы және алдыңғы жұмыстармен, талдаулармен және тұжырымдамаларымен салыстыру арқылы сәйкес нәтижелерді талқылау беріледі.
  • Қорытынды – жұмыстың осы кезеңдегі нәтижелерін жалпылау және қорытындылау; автор алға қойған тұжырымның растығын және алынған нәтижелерді ескере отырып, ғылыми білімнің өзгеруі туралы автордың қорытындысын растау. Қорытынды абстрактілі болмауы керек, оларды ұсыныстарды немесе одан әрі жасалатын жұмысты сипаттай отырып белгілі бір ғылыми саладағы зерттеу нәтижелерін жалпылау үшін қолдану керек.
    • Қорытындының құрылымында келесі сұрақтар болуы керек: Зерттеудің мақсаттары мен әдістері қандай? Нәтижелері қандай? Қандай тұжырымдар бар? Зерттемені енгізу, қолдану перспективалары мен мүмкіндіктері қандай?
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі немесе библиографиялық тізім жаратылыстану және техникалық бағыттарға кем дегенде 15 атаулардан тұрады, ал ағылшын тіліндегі жалпы атаулар саны 50%-дан кем болмауы керек. Егер сілтемелер тізімінде кириллицада берілген еңбектер болса, сілтемелер тізімін екі нұсқада ұсыну қажет: біріншісі - түпнұсқада, екіншісі - романизацияланған алфавитте (транслитерация - translit-online.ru).
  • Әдебиеттер тізімі алфавиттік ретпен ұсынылады және тек мәтінде келтірілген жұмыстар. 
    • Романизацияланған әдебиеттер тізімі келесідей болуы керек: автор (лар) (транслитерация) → (жақшадағы жыл) → транслитерацияланған нұсқадағы мақала тақырыбы [мақала тақырыбының ағылшын тіліндегі аудармасы төрт бұрышты жақшада], орыс тіліндегі дереккөздің атауы (транслитерация немесе бар болған жағдайда ағылшын тілінде), шығыс деректер ағылшын тілінде белгілеулер арқылы жазылады.
    • Мысалы:Gokhberg L., Kuznetsova T. (2011) Strategiya-2020: novye kontury rossiiskoi innovatsionnoi politiki [Strategy 2020: New Outlines of Innovation Policy]. Foresight-Russia, 5, no 4, pp. 8–30. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі алфавиттік тәртіпте және тек мәтінге сілтеме жасалған жұмыстар ҒАНА жазылады.
    • Орыс және қазақ тілдеріндегі әдебиеттер тізімінің стилі ГОСТ 7.1-2003 "Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және құрастыру ережелері" сәйкес жасалады (БҒСБ тізіміне енген басылымдарға қойылатын талап).
    • Әлеуметтік және гуманитарлық бағытта романизацияланған әдебиеттер тізімін, ағылшын тіліндегі (басқа шет тіліндегі) дереккөздер рәсімдеу стилі - American Psychological Association (http://www.apastyle.org/).

Берілген бөлімде төмендегілерді ескеру қажет:

  • Ғылымның осы саласында қолданылатын және автордың жұмысы негізделген ғылыми басылымдар, алдыңғы қатарлы зерттеу әдістерінен дәйексөздер келтіріледі.
  • Өзіңіздің жұмысыңыздан дәйексөздерді келтіруді шамадан тыс қолданудан аулақ болыңыз.
  • Сілтемелерді ТМД / КСРО авторларының басылымдарына шамадан тыс келтіруден аулақ болыңыз, әлемдік тәжірибені қолданыңыз.
  • Библиографиялық тізімде мақала тақырыбы бойынша белгілі шетелдік авторлар мен зерттеушілер шығарған іргелі және ең маңызды жұмыстар болуы керек.
  • Әлеуметтік және гуманитарлы бағыттағы мәтіндерде дәйексөз келтірілген сілтемелер жұмыстың бірінші авторы, шыққан жылы: бет нөмір(лер)і жақша ішінде көрсетіліп беріледі. Мысалы, (Залесский, 1991: 25). Әдебиеттер тізімінде бір автордың бір жылда жарық көрген бірнеше жұмысы келтірілген жағдайда, шыққан жылдың тұсына «а», «б» және т.б. әріптерді қосып жазу керек. Мысалы, (Садуова, 2001а: 15), (Садуова, 2001б:22).

 

Библиографиялық сілтемелерді рәсімдеу үшін Mendeley Reference Manager құралын пайдалана аласыз.

 

Мақала жариялау құны - 2000 теңге / бет

Реквизиттер:

 «әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Индекс 050040

Мекенжай: Алматы қ.,  Әль-Фараби даңғылы 71

БИН  990140001154

КБЕ  16

АО «First Heartland Jýsan Bank»

ИИК   KZ19998CTB0000567141 – тенге

ИИК   KZ40998CTB0000567151 – USD

БИК  TSESKZKA