Агроөнеркәсіп кешеніндегі ESG-стратегиясын қалыптастыруда басқару есебін қолдану

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be2025154411
        85 10

Аннотация

ESG-қағидаттары ұйымдардың экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық міндеттерін шешуге көмектесетін бизнестің тұрақты дамуының моделіне айналды. ESG (Environmental, Social, Governance) қағидалары бизнестің әртүрлі салаларында бағыттаушы және беделді әсерге ие болып отыр. Осы орайда агроөнеркәсіп кешені құрамында бизнес-үдерістердің көптігі мен күрделілігі ESG-стратегиясын қалыптастыруды талап етеді. Бұл өз кезегінде сапалы басқару есебі жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Мақаланы жазудағы басты мақсат агроөнеркәсіп кешенінде ESG-стратегиясын қалыптастырудағы басқару есебінің атқаратын рөлі мен маңыздылығын нақты ұйым мысалында қарастыра отырып негіздеу. Зерттеу объектісі ретінде басқару есебі ESG стратегиясын жүзеге асыру үшін қажетті деректерді жинауды, жүйелеуді, талдауды және түсіндіруді қамтамасыз етеді, ал ESG басқару есебінің мазмұнына, әдістері мен құралдарына жаңа талаптар қояды.

Зерттеу барысында теориялық-әдіснамалық, қатынастарды модельдеу мен визуализациялау әдістемелері қолданылды. Жүйелік тәсіл басқарушылық есеп пен ESG стратегиясын жалпы корпоративтік басқару жүйесінің өзара байланысты элементтері ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мазмұнды талдау халықаралық және ұлттық есеп беру стандарттарын, корпоративтік ESG есептерін және компаниялардың ішкі ережелерін зерттеу үшін қолданылады. Салыстырмалы талдау жасау арқылы басқару есебінің қаржылық есеппен салыстырғандағы артықшылықтары айқындалды. ESG стратегиялық картасы арқылы есеп жүйесінің қандай элементтері тұрақты даму мақсаттарының орындалуын қамтамасыз ететіндігі көрсетілді. ESG-қағидаларына сәйкес ұйымның құрастыратын қаржылық емес ақпаратқа негізделген есептілік нысанын қарастыру үшін Aitasаgro холдингінің мәліметтеріне талдау жасалынды.

Мақаланың теориялық маңыздылығы - Басқару есебі мен ESG-тұжырымдамасының өзара байланысын теориялық тұрғыда негіздеу және ESG-көрсеткіштерін басқару есебінің объектілері ретінде жүйелеу.

Мақаланың практикалық маңыздылығы ESG-есептілік пен басқарушылық есептің үйлесімділігін сипаттауы арқылы құнды деп есептеледі.

Зерттеу қорытындысында ESG-қағидалары іске асырудағы қаржылық есеппен салыстырғандағы басқару есебінің артықшылықтарына салыстырмалы сипаттама берілді.  ESG көрсеткіштерін басқару есебі жүйесімен байланыстыру қаржылық және қаржылық емес ақпараттарды талдаудың бірыңғай ақпараттық базасын қалыптастыру мүмкіндігін береді.

Түйін сөздер: ESG-стратегия, басқару есебі, агроөнеркәсіп кешені, тұрақты даму.

Авторлардың биографисы

А.З. Арыстамбаева, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Докторант, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71, (Алматы, Қазақстан; e-mail: almуra73@mail.ru).

О.Ю. Когут, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Алматы, Қазақстан

PhD, доцент м.а., әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 050040, әл-Фараби даңғылы, 71, (Алматы, Қазақстан; e-mail: kogut.1108@gmail.com).

К. Черевач-Филипович, Белосток технологиялық университеті, Белосток, Польша

PhD, қауымдастырылған профессор, Белосток технологиялық университеті, Вейска көшесі, 45А, 15–351, (Белосток, Польша; e-mail:k.czerewacz@pb.edu.pl).

Жүктелулер

Как цитировать

Арыстамбаева, А. ., Когут, О., & Черевач-Филипович, К. . (2025). Агроөнеркәсіп кешеніндегі ESG-стратегиясын қалыптастыруда басқару есебін қолдану. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 154(4). https://doi.org/10.26577/be2025154411