Орталық Азия елдерінің корпоративтік басқару жүйесіне ESG қағидаттарын енгізу ерекшеліктері

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be202515444
        55 17

Аннотация

 

Мақала Орталық Азия елдерінің корпоративтік басқару жүйесіне ESG қағидаттарын енгізудің ерекшеліктерін зерттеуге арналған. Тақырыптың өзектілігі аймақ елдерінің ұлттық экономикаларын тұрақты дамудың жаһандық талаптарына бейімдеу және корпоративтік есептіліктің ашықтығын арттыру қажеттілігімен айқындалады. Зерттеудің мақсаты – Орталық Азияның корпоративтік секторындағы ESG-трансформацияның тиімділігіне әсер ететін институционалдық айырмашылықтарды, кедергілерді және факторларды анықтау.

Зерттеудің әдіснамалық негізі жүйелік, салыстырмалы-талдамалық және институционалдық тәсілдерді, сондай-ақ 2019-2025 жылдар аралығындағы халықаралық ұйымдардың нормативтік-құқықтық актілеріне, корпоративтік есептеріне және статистикалық деректеріне контент-талдау жүргізуді қамтиды.

Нәтижелер көрсеткендей, Қазақстан тұрақты қаржыландырудың дамыған инфрақұрылымына сүйенетін институционалданған ESG моделін қалыптастырды, Өзбекстан мемлекеттік-орталық моделін жүзеге асыруда, ал Қырғызстан, Тәжікстан және Түрікменстан ESG күн тәртібінің институционалдық қалыптасу сатысында тұр. ESG сараптамасының жетіспеушілігі, нормативтік базаның әлсіздігі, қаржылық ресурстардың шектеулігі және бизнестің төмен деңгейдегі қатысуы сияқты негізгі кедергілер де анықталды.

Зерттеудің ғылыми құндылығы аймақ үшін ESG жетілуінің салыстырмалы моделін әзірлеуде, ал практикалық маңыздылығы – корпоративтік басқару мен тұрақты қаржыландыруды жетілдіру бағыттарын тұжырымдауда көрініс табады.

Түйін сөздер: ESG, корпоративтік басқару, тұрақты даму, Орталық Азия, тұрақты қаржыландыру.

Авторлардың биографисы

Д.М. Мухияева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан

PhD,  қауымдастырылған профессор,   Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, (Астана қ., Қазақстан, е-mail: dinara_muhiyaeva@mail.ru).

Вэй Фэн, Солтүстік-Батыс университеті Синьян, Қытай Халық Республикасы

PhD, профессор,  A&F Солтүстік-Батыс университеті (Синьян қ., Қытай Халық Республикасы, е-mail: weifeng@nwafu.edu.cn).

Жүктелулер

Как цитировать

Мухияева D. ., & Фэн W. . (2025). Орталық Азия елдерінің корпоративтік басқару жүйесіне ESG қағидаттарын енгізу ерекшеліктері. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 154(4). https://doi.org/10.26577/be202515444