Коммерциялық емес ұйымдарда есеп пен аудиттің институционалдық трансформациясы: халықаралық стандарттар және қазақстандық тәжірибе

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be2025153312
        66 80

Аннотация

Мақала Қазақстандағы коммерциялық емес ұйымдарда (КЕҰ) бухгалтерлік есеп пен есептілікке деген көзқарастарды талдауға және қайта пайымдауға арналған. Стандарттардың жаһандануымен және ашықтыққа қойылатын талаптардың артуымен КЕҰ нормативтік базаның үйлеспеуі, халықаралық стандарттардың (IPSAS, IFR4NPO) шектеулі енгізілуі, кадрлық тапшылық пен цифрландырудың фрагменттілігі сияқты бірқатар қиындықтарға тап болып отыр. Зерттеу институционалдық теория, қоғамдық құндылықтар теориясы және мүдделі тараптар теориясы шеңберінде жүргізіліп, аралас әдіснамалық тәсілге негізделген.

Зерттеудің мақсаты – Қазақстанның коммерциялық емес секторындағы есеп пен аудит жүйелерінің дамуына әсер ететін институционалдық факторлар мен әдіснамалық тәсілдерді айқындау, сондай-ақ миссияға бағытталған басқару мен қоғамдық легитимділікке бейімделген басқарушылық есеп пен есептіліктің үлгісін әзірлеу. Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылады: КЕҰ-дағы есеп пен есептіліктің теориялық және әдіснамалық негіздерін талдау; халықаралық стандарттар мен қазақстандық тәжірибені салыстырмалы түрде зерттеу; есептіліктің сапасына әсер ететін негізгі мәселелер мен институционалдық кедергілерді анықтау; қаржылық есептілік, кадрлық тиімділік және есеп жүйесінің жетілу деңгейі бойынша сандық индекстерді әзірлеу; басқарушылық есептің (MAS) интеграцияланған үлгісін құру; ашықтықты, тұрақтылықты және сенімділікті арттыруға бағытталған реформалар бағыттарын айқындау.

Түйін сөздер: коммерциялық емес ұйымдар, қаржылық есептілік, институционалдық теория, басқарушылық есеп (MAS), IFR4NPO, IPSAS стандарттары.

Авторлардың биографисы

А.Ж. Макашова , Әл-Фраби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Экономика және қаржы департаментінің басшысы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: asemmakasova@gmail.com).

С.Б. Баймуханова , Әл-Фраби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ.

Экономика ғылымдарының докторы, «Қаржы және есеп» кафедрасының доценті, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: Sariya.Baymukhanova@gmail.com).

 

Жүктелулер

Как цитировать

Макашова , А. . ., & Баймуханова , С. (2025). Коммерциялық емес ұйымдарда есеп пен аудиттің институционалдық трансформациясы: халықаралық стандарттар және қазақстандық тәжірибе. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 153(3), 181–198. https://doi.org/10.26577/be2025153312