Қазақстандағы дағдарыс және дағдарыстан кейінгі кезеңдерде тұтынушылық сұраныстың экономикалық көрсеткіштермен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді байланыстары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be202515331
        14 14

Аннотация

Мақалада экономикалық дағдарыстар мен дағдарыстан кейінгі қалпына келу жағдайларында Қазақстандағы тұтынушылық сұраныстың ерекшеліктері қаралады. Зерттеудің өзектілігі экономикалық тұрақсыздық кезеңдерінде үй шаруашылықтарының мінез-құлқына әсер ететін факторларды неғұрлым терең түсіну қажеттілігіне негізделген.

Теориялық және эмпирикалық зерттеулерді талдау, сондай-ақ халықаралық тәжірибені қорыту негізінде тұтыну серпінін айқындайтын түйінді макроэкономикалық индикаторлар анықталды: жалпы ішкі өнім, кіріс деңгейі, жұмыспен қамту, инфляция, кредиттік белсенділік және мемлекеттік трансферттер. Зерттеуде 2007-2008 жылдардағы жаһандық қаржы дағдарысы, 2015-2016 жылдардағы санкциялық дағдарыс және COVID-19 пандемиясы сияқты экономикалық күйзелістердің қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді салдарын талдауға ерекше назар аударылған. Дағдарыс кезеңінде үй шаруашылықтары белгісіздік жағдайында жинақ ақшаның өсуіне, тұтынудың төмендеуіне және оның құрылымының базалық тауарлар мен қызметтердің пайдасына өзгеруіне бейім екені анықталды. Дағдарыстан кейінгі кезеңде макроэкономикалық көрсеткіштердің тұрақтануына қарамастан сұраныстың қалпына келуі баяу жүруде. Алынған нәтижелер ішкі сұранысты қолдауға және экономиканың орнықты дамуына бағытталған дағдарысқа қарсы және фискалдық саясатты әзірлеу кезінде пайдаланылуы мүмкін.

Түйін сөздер: тұтынушылық сұраныс, макроэкономикалық факторлар, экономикалық дағдарыс, пандемия, жинақ.

Авторлардың биографисы

А.А. Хитахунов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

PhD, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, email: azimkhun@gmail.com).

Ж.C. Темербулатова, Алматы менеджмент университеті, Алматы, Қазақстан

PhD, Research Professor, Алматы менеджмент университет (Алматы, Казахстан,
e-mail: t.zhansaya.s@gmail.com).

А.Б. Мухамедиева, Алматы менеджмент университеті, Алматы, Қазақстан

Экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Алматы
менеджмент университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: aliya.mukhamediyeva@gmail.com).

С.Б. Жаманбаев, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан

Докторант, Экономика және бизнес жоғары мектебі, әл-Фараби атындағы Қазақ
ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, e-mail: sayat.zhamanbaev@sberbank.kz),

Жүктелулер

Как цитировать

Хитахунов A., Темербулатова Z., Мухамедиева A., & Жаманбаев . S. . (2025). Қазақстандағы дағдарыс және дағдарыстан кейінгі кезеңдерде тұтынушылық сұраныстың экономикалық көрсеткіштермен қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді байланыстары. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 153(3), 3–21. https://doi.org/10.26577/be202515331