Экономикалық тиімділік және жасанды интеллектті ауыл шаруашылығында қолдану әлеуеті: жаһандық үрдістер мен Қазақстан үшін мүмкіндіктер
DOI:
https://doi.org/10.26577/be202515221Аннотация
Демографиялық қысымның, климаттың өзгеруінің, ресурстардың сарқылуының және азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіптердің өсіп келе жатқан жаһандық сын-қатерлері жағдайында ауыл шаруашылығы тұрақты дамудың негізгі буынына айналуда. Бұл мақалада халықаралық трендтер мен қазақстандық контекстке баса назар аудара отырып, аграрлық салада жасанды интеллект (AI) технологияларын қолданудың экономикалық тиімділігі мен әлеуетін бағалауға арналған. Өнімділікті арттыру, шығындарды оңтайландыру, климаттық тәуекелдерді болжау, логистиканы жақсарту және өсімдіктер мен жануарлар ауруларын ерте анықтау үшін AI мүмкіндіктері талданды. Шетелдік кейстер мен отандық бастамаларды талдау негізінде өсімдік шаруашылығында, мал шаруашылығында және агромониторингте жасанды интеллект енгізу тәжірибелері қарастырылды.
Мақалада 2009-2023 жылдар кезеңінде Қазақстанның агросекторының цифрлық жетілуінің макроэкономикалық, инновациялық және институционалдық индикаторларына салыстырмалы және корреляциялық талдау жүргізілді. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығында жасанды интеллекті ауқымды енгізу үшін стратегиялық бағыттарды ұсынады: мемлекеттік қолдауды күшейту, инновациялық инфрақұрылымды дамыту, кадрлық даярлық және агростатистиканы цифрландыру.
Осылайша, жасанды интеллект Қазақстанның ауыл шаруашылығының тиімділігін, тұрақтылығын және технологиялық егемендігін арттырудың көпсалалы драйвері ретінде қарастырылады. Алынған нәтижелер АӨК цифрлық трансформациясының кешенді моделін қалыптастыру үшін аналитикалық база ретінде қызмет етеді.
Түйін сөздер: жасанды интеллект, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығындағы инновациялар.
