Ипотекалық несиелендірудің тұрақты дамуы: экономикалық қиындықтар мен болашағы

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.26577/be202515225
        0 0

Аннотация

Бұл мақалада Қазақстандағы ипотекалық несиелендірудің дамуы, оның серпіні және негізгі макроэкономикалық көрсеткіштермен байланысы қарастырылады. Сектордың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі мемлекеттік бағдарламалардың рөлі мен ESG (экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқару) қағидаттарын енгізуге ерекше назар аударылған. ESG стандарттары халықаралық қаржы жүйелерінде кеңінен қолданылғанымен, бұл зерттеу Қазақстанның экономикалық және институционалдық ерекшеліктерін талдайды. Сонымен қатар, Өзбекстан - Қазақстанда қолданылған тиімді қаржылық және реттеуші құралдарды жергілікті жағдайға бейімдеуге болатын ел ретінде қарастырылады.

Талдау барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ипотекалық несиелендірудің кейбір көрсеткіштері салыстырылып, ЖІӨ, пайыздық мөлшерлемелер және мерзімі өткен несиелердің үлесі сияқты макроэкономикалық айнымалылардың ипотека көлеміне әсері корреляциялық және регрессиялық модельдер арқылы бағаланады. The Global Economy (2023) деректеріне сүйене отырып, зерттеу дамыған елдердегі ипотекалық бағдарламалардың банк секторы активтерінің ЖІӨ-ге қатынасына қалай әсер ететінін қарастырады.

2007-2023 жылдар аралығындағы ипотекалық үрдістерді егжей-тегжейлі талдау Қазақстан мен Өзбекстандағы негізгі экономикалық көрсеткіштер мен ипотекалық несиелер арасындағы маңызды байланыстарды көрсетті. Уақыттық қатарлар мен корреляциялық әдістер Қазақстан жағдайында айтарлықтай статистикалық маңыздылықты айқындады. Нәтижесінде ЖІӨ өсімі, пайыздық мөлшерлемелер және проблемалық несиелер деңгейі сияқты айнымалыларды қамтитын болжамдық модель жасалды.

Мақалада ESG стандарттарының Қазақстанның ипотекалық қаржы жүйесіне енгізілуі және олардың “жасыл” құрылыс пен тұрақты тұрғын үйді дамытуға қосқан үлесі де қарастырылады. Мұндай бастамалар тұрақты даму мақсаттарына сәйкес келеді және Өзбекстан үшін де өзекті. Авторлар “жасыл” ипотека және энергия үнемдейтін тұрғын үйлерге бағытталған қаржылық құралдарды енгізу экологиялық зиянды азайтып, тұрғын үйдің қолжетімділігін арттырады деп пайымдайды.

Түйін сөздер: ипотекалық несиелеу, тұрақты даму мақсаттары (ТДМ), ESG – стандарттар, ЖІӨ, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, Қазақстан.

Авторлардың биографисы

Ж.Ш. Мухамедов , әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

PhD докторант, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ., Қазақстан, еmail: mukhamedov@gmail.com);

Т.С. Сокира , Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы қ., Қазақстан

экономика ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, «Менеджмент» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, (Алматы қ., Қазақстан, еmail: t_sokira@mail.ru);

З. Кулдашева , Ташкент мемлекеттік экономика университеті, Ташкент қ., Өзбекстан

Экономика ғылымдарының докторы, Ташкентский государственный экономический университет, доцент кафедры мировой экономики и международных экономических отношений.

Жүктелулер

Как цитировать

Мухамедов . J., Сокира T., & Кулдашева Z. (2025). Ипотекалық несиелендірудің тұрақты дамуы: экономикалық қиындықтар мен болашағы. ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, 2(152), 68–79. https://doi.org/10.26577/be202515225